Такуми Минамино (; 16 қаңтар 1995 жыл, Идзумисано) — жапониялық футболшы, "Монако" клубы мен Жапония құрамасының шабуылшысы. 2019 жылғы Азия кубогының күміс жүлдегері.
Мансабы Минамино Джей-Лигада "Серезо Осака" сапында Диего Форланмен бірге ойнап, 62 кездесуде алаңға шықты. Бірақ клуб 2014 жылғы маусымда төменгі лигаға түсіп кетті.
2015 жылдың басында "Ред Булл" клубына ауысты. Аустриялық клуб сапында тұңғыш рет 26 ақпан күні "Вильярреалға" қарсы Еуропа лигасының 1/8 финалыннда алаңға шықтыhttp://www.uefa.com/uefaeuropaleague/season=2015/matches/round=2000588/match=2014601/postmatch/report/index.html#vietto+vanquishes+salzburg.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2015 жылы 13 қазан күні Иранға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. 2016 жылы Олимпиадалық құрама сапында Рио-де-Жанейродағы ойындарға қатысты.
2019 жылғы Азия кубогына қатысып, финалда Катар қақпасына бір гол соқты. Бірақ Жапония 1:3 есебімен ұтылды да, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Жетістіктері
Клубтық
Аустрия чемпионы (4): 2014/15, 2015̈/16, 2016/17, 2017/18 Аустрия кубогы (3): 2014/15, 2015/16, 2016/17
Жеке
Джей-лигадағы жаңа есім: 2013
Халықаралық
Азия кубогының финалисі: 2019
Дереккөздер
Санат:Жапония футболшылары Санат:Жапония Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сересо Осака ФК ойыншылары Санат:Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары