Нелсон де Жезус Силва (; 7 қазан 1973 жыл, Ирара, Баия), Дида ( ретінде танымал) — бразилиялық футболшы, қақпашы. Кейін жағажай футболында да ойнадыhttp://www.sovsport.ru/news/text-item/525586. Бразилия Ұлттық футбол құрамасының экс-қақпашысы.
Мансабы 1998, 2002, 2006 жылдары әлем чемпионатына барды. 1998 жылы Таффарел, 2002 жылы Маркос негізгі қақпашы болды да, ол екі турнирде Дида бір ойында да алаңға шыққан жоқ. Тек 2006 жылғы әлем чемпионатына негізгі қақпашы ретінде барды. Ол чемпионатта Бразилия 1/4 финалда Франциядан ұтылып қалды.
2002 жылғы әлем чемпионы, екі дүркін Конфедерациялар кубогының жеңімпазы. Клубтық және Ұлттық құрама деңгейіндегі барлық жүлдеге қол жеткізген.
Карьерасында Италия және Бразилия клубтарында ойнады. 1999 жылы Швейцариялың "Лугано" клубына қосылғанымен, бір кездесуде де алаңға шыққан жоқ.
Жетістіктері Ұлттық құрама Әлем чемпионы: 2002 Жастар арасындағы әлем чемпионы: 1993 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2000, 2007 Конфедерациялар кубогы: 1997, 2005 Америка кубогы: 1999 Бразилия чемпионы: 1999 Клубтық Италия чемпионы: 2003/04 Чемпиондар лигасы: 2002/03, 2006/07 Бразилия кубогы: 1996 Италия кубогы: 2003 Италия суперкубогы 2004 Либертадорес кубогы: 1997 УЕФА Суперкубогы: 2003, 2007 Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Витория Сальвадор ФК ойыншылары Санат:Крузейро ФК ойыншылары Санат:Лугано ФК ойыншылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Гремио ФК ойыншылары Санат:Интернасьонал ФК ойыншылары Санат:Португеза Деспортос ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары