Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 1992 — Қазақстан кубогының тұңғыш финалы, 1992 жылы 8 тамыз күні Алматыдағы "Орталық стадионда" өтті. Алматының "Қайрат" футболшылары мен Жамбылдың "Фосфор" командалары кездесіп, қайраттықтар 5:1 есебімен жеңіске жетті де, Қазақстан кубогының тұңғыш иегері атанды.

Матч Матчта қайраттық Юрий Найдовский дубль жасады. "Қайрат" сапынан одан басқа Сергей Волгин, Сергей Климов, Асқар Әбілдаев көзге түсті. "Фосфор" сапынан Литвиненко тек матч бітерде ғана бір гол соқты.

Матч жеңімпазына жаңа кубок сыйлау ойластырылған, бірақ Қазақ КСР кубогындағы ауыспалы, бойы жарты метрлік фарфор құмыраны тарту етті. Детальдар

Құрамы Қайрат: Қп1 КафановҚор2 ЕңсебаевҚор3 СкляровҚор4 АймановЖҚ5 ВолгинЖҚ6 СламбековЖҚ7 КлимовЖҚ8 ӘбілдаевШаб9 НайдовскийШаб10 МасудовШаб11 АнашкинАуысымдар: Жейлітбаев Яблочкин Каримов Бас бапкер: Бақтияр БайсейітовФосфор: Қп1 Игорь ЖебинҚор2 ИсмаиловҚор3 ТагиевҚор4 ЛитвиненкоЖҚ5 Елеусінов ЖҚ6 Савин ЖҚ7 ҚайназаровЖҚ8 ВишняковШаб9 Сыздықов Шаб10 БельскийШаб11 ШмариковАуысымдар: Кочагин Авдеев Ниязымбетов Фархат Мірсәлімбаев Щербаков Бас бапкер: Вайт Талғаев

Сілтемелер Қазақстан футболы сайтында

Санат:Футболдан Қазақстан Кубогы Санат:1992 жылғы футбол Санат:Қайрат ФК ойындары Санат:Тараз ФК ойындары