Жабағылы – Арыс алабындағы өзен.

Географиялық орны Түркістан облысы Түлкібас ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 36 км, су жиналатын алабы 222 км2.

Бастауы Бастауын Талас Алатауының солтүстік батыс беткейіндегі бұлақтардан басталатын Сарқырама, Құрсай, Көксала жылғаларының қосылған жерінен алады. Азаттық (Азаттылық) ауылы маңында Арыс өзеніне құяды.

Гидрологиясы Алатау, Кіші Ақсу таулары аралығындағы арнасы тік жарлы тар шатқалмен ағып, Жабағылы ауылы тұсында ағысы баяулап, бірнеше салаларға тармақталады. Қар, жер асты суларымен толығады. Егін, мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Атау сыры Жабағылы өзені туралы аңыз: Ертеректе, жаугершілік заманда тау аңғарларын паналап жаудан тығылған елден бір жылдан соң хабар алмақ болып шыққан іздеушілердің алдынан жабағы кездесіпті. Содан сол жердің де, өзеннің де аты "Жабағылы" атанып кеткен деседі.

Дереккөздер

Санат:Түлкібас ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы