«Тыныштық» — толық метражды көркем фильм. 1960 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.

Сюжеті Адами кішіпейілділік пен бауырмалдық туралы, екі адам бір-бірін тауып, өз өмірлерін қосқаны туралы фильм.

Бір күні даладағы кішкентай "Тыныштық" теміржол станциясында тоқтауға мәжбүр болған жолаушылар пойызынан жас әйел баласымен түседі. Оны ешкім қарсы алмайды. Станция басшысы Оспанов келушіде бақытсыздықты аңғарып, оны өз пәтеріне орналастырып, көмек көрсетеді. Ольга бірте-бірте станцияның іш пыстырарлық өміріне, адамдарына үйреніседі.

Бала аурудан жазылады. Бұған қарамастан Ольга ауылдан кетпей, кешкі мектепке мұғалім болып орналасады. Ол жақта ол Сафоновты кездестіріп, өз бақытын онымен бірге құруды шешедіТишина .

Рөлдерде Хәкім Оспанов — Қанабек Байсейітов Ольга Петровна — Раиса Куркина Сергей Сафонов — Александр Карпов Нартай — Мұхтар Бақтыгереев Шәлімова — Лаура Шалабаева Қарт қараушы — Серке Қожамқұлов Жас қараушы — Артур Нищенкин Нұрғали — Шахан Мусин Ғайни — Қаншайым Өтепова Головин — Павел Шпрингфельд

Дереккөздер Санат:КСРО драма фильмдері Санат:Қазақфильм фильмдері