Кенжебек Алпысбаев (1903, Целиноград ауданы Оразақ а. — 1990) — еңбек ардагері, механизатор. Социалистік Еңбек Ері (1957).
Еңбек жолын 1920 ж. бастаған. Шалқар кеңшарында жұмысшы (1929 — 34), Красный флаг ұжымшарында трактор жүргізушісі (1934 — 37), Семенов МТС-нда (1938 — 59), Воздвиженский кеңшарында комбайншы (1959 — 78) болып жұмыс істеді. 1978 ж. зейнеткерлікке шықты. Орден, медальдармен марапатталған."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1903 жылы туғандар Санат:Ақмола облысында туғандар Санат:1990 жылы қайтыс болғандар
Санат:Социалистік еңбек ерлері