Қара көбелек (ағыл. Black Butterfly) — режиссер Брайан Гудманның америкалық фильмі. Францияның "Түнгі көбелек" атты фильмінің римэйкіhttps://www.imdb.com/title/tt1152138/. 2017 жылы 26 мамыр күні АҚШ-та тұңғыш рет көрсетілді.

Сюжет Жолы болмай жүрген Пол атты жазушы жағдайын жақсарту үшін орман ішіндегі үйін сатпақ болады. Бірақ алатын адам табыла қоймайды. Бір күні үйін сатып бермек болған Лаура атты жас қызбен кездесу үшін кафеге асығып бара жатып, жол ережесін бұзып, әлдебір көлікті басып озады. Ол көліктің жүргізушісі бұған ашуланып, әлденені айтып айғайлайды. Пол кафеде қызбен тілдесіп отырғанда жаңағы жүргізуші де сол жерге кіріп келіп, бұған қоқан-лоққы көрсетеді. Сол кезде бейтаныс бір жас жігіт келе қалып, бұған тиіскен жүргізушіні сабасына түсіреді.

Пол ол жерден шығып, жолда кетіп бара жатады, жолда жаңағы кафеде өзін арашалап қалған бейтаныс жігітті кезіктіреді. Ол жігітті көлігіне мінгізіп алады. Ол жігіттің үй-жайы жоқ екен, мұнымен бірге тұруға келіседі.

Екеуі бірге тұра бастайды. Уақыт өткен сайын ол жігіт бұған түрлі дөрекіліктер көрсетіп, бұған билік жасай бастайды. Ол жігіттің өктемдігінен зәрезап болған Пол үйден қашып та кетпек болады, бірақ онысынан түк те шықпайды.

Жігіттің денесінде қара көбелек бейнеленген татуировка бар боп шығады, сонысынан-ақ Пол оның түрмеге отырып шыққан кәнігі қылмыскер екендігін сезе қояды.

Кейін Пол осы оқиғаларды негізге ала отырып "Қара көбелек" атты кітабын жазуға кіріседі.

Актерлер АктёрРольАнтонио БандерасПол Лопес Джонатан Рис МайерсДжек Пайпер ПерабоЛаура ДжонсонАбель ФеррараПэтВинсент РиоттаЛейтенант КарканоНатали Рапти ГомесДжулияРэндолл ПолМистер ОуэнКэти МакГовернНэнси Бэрроус

Дереккөздер

Сілтемелер Тамашалау

Санат:АҚШ триллер фильмдері Санат:Lionsgate Films фильмдері Санат:2017 жылғы фильмдер