Джон Алью Карью (; 5 қыркүйек 1979 жыл, Лёренског, Акерсхус) — норвег футболшысы, шабуылшы. Карьерасы Карьюдің әкесі гамбиялық, анасы норвег. Норвегия Ұлттық құрамасында ойнаған тұңғыш қара нәсілді футболшы. 2000 жылғы дейін Норвегияның "Волеренга", "Русенбург" клубтарында өнер көрсетті. 2000 жылғы Еуропа чемпионатынан соң "Валенсияға" ауысты. "Валенсияда" ойнаған үш маусымның ішінде клубтың белді ойыншыларының бірі болды. 2002 жылы "Валенсия" Испания чемпионы атанғанда Карью бұл жетістікке өлшеусіз үлес қосты.

"Валенсиядан" кеткен соң ешбір клубта тұрақты ойнай алмай, жиі команда ауыстырумен болды. 2005-07 жылдары "Лионда" ойнап Франция чемпионы атанды. Бірақ алаңға тұрақты шыға алмай, Жуниньо Пернамбуканоның көлеңкесінде қап кете берген соң басқа клуб іздеуге мәжбүр болды.

Карьерасының соңғы жылдарында тек Англия клубтарында ойнады.

Карьерасын 2013 жылы аяқтады да, киноактерлік жолына түстіhttp://www.imdb.com/title/tt2728984/?ref_=nm_flmg_act_2. Жетістіктері «Волеренга» Норвегия кубогы: 1997 «Русенборг» Норвегия чемпионы: 1999 Норвегия кубогы: 1999 «Валенсия» Испания чемпионы: 2002 Чемпиондар Лигасының финалисі: 2001 «Олимпик Лион» Франция чемпионы: 2006 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:5 қыркүйекте туғандар Санат:Норвегия футболшылары Санат:Норвегия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Волеренга ФК ойыншылары Санат:Русенборг ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары