Самир Уйкани (5 шілде, 1988, Вучитрн) — албаниялық және косоволық футболшы, қақпашы. Косово Ұлттық футбол құрамасының ойыншысы.

Өмірбаяны Уйкани қазіргі Косово аумағында дүниеге келген. Алты жасында отбасы Бельгияға көшіп өтті деhttp://www.ilpalermocalcio.it/it/0607/news_scheda.jsp?id=7231 , "Андерлехт" клубының мектебінде тәрбиеленді.

2007 жылы Албания азаматтығын алды. Әуелі Албания жастар құрамасында, сосын негізгі құрамада ойнады. 2010 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуіне қатысты.

2014 жылы Косово футбол федерациясы УЕФА-ға толыққанды мүше болған соң өзінің тарихи отанының намысын қорғауға шешім қабылдады. Осылайша Уйкани үш мемлекеттің азаматтығын алды.

Косово сапындағы алғашқы ойынын 2014 жылы Гаитиге қарсы жолдастық кездесуде өткізді.

Клубтық карьерасын 2007 жылы Италияның "Палермо" клубында бастады. 10 жыл бойы Италияның түрлі клубтарында ойнап, 2017 жылы Түркияның Ризеспор клубына ауысты. Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:5 шілдеде туғандар Санат:Албания футболшылары Санат:Албания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Косово футболшылары Санат:Косово Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Палермо ФК ойыншылары Санат:Новара ФК ойыншылары Санат:Кьево ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Латина ФК ойыншылары Санат:Пиза ФК ойыншылары Санат:Кремонезе ФК ойыншылары Санат:Ризеспор ФК ойыншылары Санат:Торино ФК ойыншылары Санат:Эмполи ФК ойыншылары