Бураков Сергей Викторович (14 сәуір 1963 жыл)— КСРО және қазақстандық футболшы, қақпашы. Алматының "Қайрат" клубының түлегі.
Карьерасы Карьерасын "Қайратта" бастап, сексенінші жылдардың ортасында "Целинник", "Шахтер" (Қарағанды) секілді екінші лига клубтарында тәжірибе жинақтады да, 1986 жылдың қазан айында "Қайратқа" қайта оралды. 1987 жылы командадан Александр Убыкин кеткеннен соң негізгі қақпашыға айналды. 1988 жылғы маусымда Бураков жақсы ойнағанымен "Қайрат" жоғары лигадан кетті. Есесіне алматылық клуб сол жылы КСРО Федерациялары кубогын иеленді.
1990 жылы "Қайрат" екінші жыл қатарынан жоғары топқа жолдама ала алмады. 5 шілдеде "Тираспольға" қарсы сырт алаңдағы матчта ойынға шабуылшы ретінде шықты, тіпті 82-минутта бір гол соғып, команданы жеңілістен құтқарып қалды — 1:1. "Қайрат" сапындағы соңғы ойынын сол жылы 25 қазанда "Факелге" қарсы өткізді (0:1).
1991 жылдың басында Бураков жоғары лигада өнер көрсету үшін сол жылы ғана жоғары лигаға өткен Ташкенттің "Пахтакорына" ауысты. Алайда ол жақта негізгі қақпашы Юрий Перескоков бұған орын босатпады да, негізгі құрамнан орын тимей, бір маусымнан соң Қазақстанға қайта келіп, "Шахтерге" өтті.
1992-95 жылдары Новотроицкінің "Металлург" клубында ойнады. 1996 жылы "Шахтерге" оралып, екі маусымнан соң "Ертіс" сапына қосылды. Көп ұзамай карьерасын аяқтады. Сілтемелер Профилі
Санат:14 сәуірде туғандар Санат:КСРО футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Ресей футболшылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары