Ақсеңгір – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы өзен.
Бастауы Алматы-Тараз тас жолы мен Алматы-Шу темір жолының түстігінде Балғабек Қыдырбекұлы аулына жақын жерде Құтырған және Қарасу өзендерінің қосылған жерінен басталып, Қопа өзеніне құяды. Тағы бір нұсқа бойынша, Қарасу және Шолақ Қарғалы өзендері қосылған жерден басталады.
Жағасында Балғабек Қыдырбекұлы, Ақсеңгір, Көкдала елді мекендері бар.
Гидрологиясы Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 8420 км2. Жылдық орта су ағымы 1,68 м3/с. Мұз, қар суымен толығады. Егін, мал суаруға пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты
Дереккөздер
Сілтемелер Топографиялық карта К-43-21 Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Іле су алабы