Сүлікті () — Қырғызстанның Баткен облысындағы облыстық бағыныстағы қала. Халық саны (2009) — 24,7 мың адам. Қырғызстандағы ірі көмір кен орындарының бірі болып табылады.

Географиясы Қала Түркістан жотасының солтүстік сілемдерінде, теңіз деңгейінен 1380 метр биіктікте, облыс орталығы Баткен қаласынан 150 км батысқа қарай (Сүлікті — Тәжікстан Республикасының Соғд облысындағы Лейлек ауданы — Баткен трассасының бойында), республика орталығы Бішкек қаласынан 950 км қашықтықта орналасқан.

Тарихы Сүлікті — Орта Азиядағы көне көмір өндірісі орталықтарының бірі. Көмірді өнеркәсіптік игеру 1868 жылы басталды. Сүліктінің пайда болуы осы уақытпен есептеледі.

1934 жылы 20 тамызда БОАК Президиумы «Қырғыз АКСР-нің Фрунзе қаласы мен Қызылқия және Сүлікті жұмысшылар кенттерін аудан құрамынан бөлініп, Қырғыз АКСР ОАК-не тікелей бағыныстағы дербес әкімшілік-шаруашылық бірліктер болып ерекшеленген елді мекендер тізіміне қосу жөнінде» қаулы етті.ОБ ИЗМЕНЕНИЯХ В СОСТАВЕ РАЙОНОВ КИРГИЗСКОЙ АССР И О ЕЕ ВНУТРЕННЕМ АДМИНИСТРАТИВНО-ТЕРРИТОРИАЛЬНОМ ДЕЛЕНИИ

1940 жылы қала мәртебесі берілді, қазіргі уақытта Сүлікті облыстық бағыныстағы қала болып табылады.

Дереккөздер

Сілтемелер Сүлікті ресми сайты Қырғыз Республикасының қалаларының қауымдастығы сайтында

Санат:Қырғызстан қалалары Санат:1868 жылы құрылған елді мекендер Санат:Алфавит бойынша елді мекендер