Карлос Алберто Торрес (, o Capitão do Tri, немесе жәй ғана Карлос Алберто; 17 шілде 1944https://www.washingtonpost.com/sports/carlos-alberto-torres-captain-of-brazils-world-cup-winning-team-dies-at-72/2016/10/25/bdb9ce22-9ad3-11e6-9980-50913d68eacb_story.html, Рио-де-Жанейро — 25 қазан 2016http://www.lemonde.fr/sport/article/2016/10/25/mort-du-footballeur-carlos-alberto-capitaine-du-bresil-champion-du-monde-en-1970_5020306_3242.htmlhttps://www.nytimes.com/2016/10/27/sports/soccer/carlos-alberto-torres-72-scorer-of-memorable-goal-for-brazil-dies.html?mcubz=3, сонда) — бразилиялық футболшы, қорғаушы.

Карьерасы Бразилия Ұлттық футбол құрамасы сапында 1970 жылы әлем чемпионы атанды. Кейін көптеген жылдар бойы бапкерлікпен айналысып, көптеген клубтық командалармен бірге Әзірбайжан және Оман ұлттық құрамаларын жаттықтырды.

1970 жылғы әлем біріншілігінің финалында Италияның қақпасына шешуші соңғы голды соқты (4:1). 1970 жылғы әлем біріншілігінің символикалық құрамы мен 2004 жылы ФИФА-ның 100 жылдығына орай Пеле анықтаған ФИФА 100 тізіміне қосылды.

Кейін саясатқа да араласып, 1989-93 жылдары Рио-де-Жанейродағы Муниципальды кеңесте жұмысшылар демократиялық партиясының вице-меңгерушісі және бірінші хатшысы болды.

Жеке өмірі Ұлы — Карлос Алешандре Торрес те футболшы, 1992 жылы Бразилия құрамасы сапында бір ойын өткізген.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

Әлем чемпионы (1): 1970 Бразилия чемпионы (Робертан) (1): 1968 Сан-Паулу штатының чемпионы (4): 1967, 1968, 1969, 1973 Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (3): 1964, 1975, 1976 АҚШ чемпионы (NASL) (3): 1977, 1978, 1982 Континентаралық суперкубок жеңімпазы (1): 1968

Бапкер ретінде

Бразилия чемпионы (2): 1983, 1995 Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (2): 1996, 1997 Рио-Сан-Паулу турнирінің чемпионы (1): 1998 КОНМЕБОЛ кубогы (1): 1993

Қатысқан турнирлері

Әлем чемпионаты: 1970

Дереккөздер

Сілтемелер sambafoot.com.br Профилі Статистикасы

Санат:17 шілдеде туғандар Санат:25 қазанда қайтыс болғандар Санат:Бразилия футболшылары Санат:Флуминенсе ФК ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Оман Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Нью-Йорк Ғарыш (1970—1985) ФК ойыншылары Санат:Ботафого ФК жаттықтырушылары Санат:Флуминенсе ФК жаттықтырушылары Санат:Керетаро ФК жаттықтырушылары Санат:Коринтианс ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Онсе Кальдас ФК жаттықтырушылары