Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6

Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.

Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.

Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады.

Іс-әрекеттің философиялық ұғымының барлық әлеуметтік ғылымдар, әсіресе, психология, социология, педагогика, т.б. үшін маңызды дүниетанымдық және методологиялық мәні бар.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Азаматтардың еркімен пайда болатын заңды фактілер, былайша айтқанда еркін қалауын білдіру. Құқыққа сәйкес келушілікке байланысты іс-әрекет (құқық бұзушылықтар ретінде) заңды және заңсыз болып бөлінеді.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

Психикалық іс-әрекет Психикалық іс-әрекет - субъектінің объектімен өзара әрекет ету функциясын сипаттайтын ұғым.

Іс-әрекеттік тәсіл Іс-әрекеттік тәсіл - социотехникалық жүйелік тәсілді қосып алғандағы детерминистік тәсілдерге қарсы бағытталған және еңбекке жұмысшы бағыттағы, сонымен қоса жұмыс орнынан тыс қалыптасатын да факторлардың ықпал етуін атап көрсететін индустриалды әлеуметтанудағы тәсіл.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9

Пайдаланылған cілтемелер



Санат:Педагогика Санат:Терминология

de:Tätigkeit en:Action (philosophy) fr:Action (philosophie) nl:Activiteit (proces) pt:Acção (filosofia) ru:Деятельность