Франсиско Арамбуру (; 7 қаңтар 1922Кей деректерде 1921 жылы туған деп көрсетілген, Уругуаяна, Риу-Гранди-ду-Сул — 1 қазан 1997, Рио-де-Жанейро), Шико () ретінде кеңірек танымал — бразилиялық футболшы, шабуылшы. 1950 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.
1950 жылы әлем чемпионатына қатысып, төрт кездесуде алаңға шықты. Уругваймен шешуші ойында да өнер көрсетті, бұл кездесуде Бразилия 1:2 есебімен ұтылып қалды. "Маракана қасіреті" деген атпен тарихта қалған осы матчтан соң көптеген бразилиялық футболшылармен бірге Шику да ұлттық құрамамен қоштасты.
Жетістіктері
Командалық
Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 1945, 1947, 1949, 1950, 1952 Рока кубогы: 1945 Рио-Бранко кубогы: 1946, 1947, 1950 Либертадорес: 1948 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1950 Америка кубогының күміс жүлдегері: 1946
Қатысқан турнирлері
Америка кубогы: 1946 Әлем чемпионаты: 1950
Дереккөздер
Сілтемелер Профиль (cbf.com.br)
Санат:Бразилия футболшылары Санат:17 қаңтарда туғандар Санат:1 қазанда қайтыс болғандар Санат:Гремио ФК ойыншылары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары