Кахабер Каладзе (; 27 ақпан 1978, Самтредиа, Грузин КСР, КСРО) — грузин футболшысы, қорғаушы.
Мансабы Клубтық Грузия футболы тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі. Грузияның 2001, 2002, 2003, 2006 жылдарғы үздік футболшысы. Карьерасын 1993 жылы Тбилисидің "Динамосында" бастады. Клуб сапында бес рет Грузия чемпионы атанды. 1998 жылы Киевтің "Динамосына" ауысты да, үш дүркін Украина чемпионы атанды.
2001 жылы Италияның "Милан" клубына өтті. "Милан" сапында мүмкін болған жүлденің бәріне қол жеткізді, екі рет Чемпиондар Лигасын (2003, 2007), бір рет УЕФА суперкубогын (2003) ұтты да, бір рет клубтар арасындағы әлем чемпионы (2007) атанды.
2010 жылы жазда еркін агент ретінде "Дженоаға" ауысып, екі жылдан соң карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама 15 жыл бойы Грузия құрамасында ойнап, 50 матчта капитан ретінде алаңға шықты. 2011 жылы құрамадағы карьерасын аяқтады. 2013 жылы 2 маусымда Каладзе қоштасу ойынын өткізіп, оған Каннаваро, Тони, Фернанду Коуту, Шота Арвеладзе, Шовковский, Ващук, Мальдини, Фламини, Оддо, Гроссо секілді танымал футболшылар қатысты.
Жеке өмірі 2001 жылы Кахабердің інісі Леванды әлдекімдер ұрлап кетіп, 600 мың доллар талап етті. Бұл іске Грузия президентінің өзі араласқанымен шешіле қоймады. Кахабер "інім табылмаса ұлттық құрамада ойнамаймын" деп те мәлімдегенімен, кейін бұл ойынан айныды. 2005 жылы інісінің өлі денесі табылды. Оған кінәлі ретінде екі адам түрмеге жабылды.
Жетістіктері
Командалық
«Динамо» (Тбилиси)
Грузия чемпионы (4): 1994, 1995, 1996, 1997 Грузия кубогы (4): 1994, 1995, 1996, 1997
«Динамо» (Киев)
Украина чемпионы (3): 1998, 1999, 2000 Украина кубогы (3): 1998, 1999, 2000
«Милан»
Италия чемпионы: 2004 Италия кубогы: 2002/03 Италия суперкубогы: 2004 Чемпиондар Лигасы (2): 2002/03, 2006/07 УЕФА суперкубогы: 2003, 2007 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2007
Жеке
Грузиядағы жыл футболшысы (4): 2001, 2002, 2003, 2006
Дереккөздер
Сілтемелер Биография
Санат:27 ақпанда туғандар Санат:Грузия футболшылары Санат:Динамо Тбилиси ФК ойыншылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Грузия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары