2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында облыстардың саны 17, аудандар - 195, қалалар - 90, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар - 3, кенттер - 29, ауылдық округтер - 2 160, ауылдар - 6 179 құрайды. Республика бойынша ең көп аудандар саны Ақмола облысында, ал облыстық маңызы бар қалалар мен кенттік әкім аппараттары Қарағанды облысында. Ақмола және Қостанай облыстарында ауылдық әкім аппараттары көп болса, ауылдық елді мекендердің саны ең көп - Түркістан облысында. https://stat.gov.kz/industries/social-statistics/demography/publications/281766/
Қазіргі әкімшілік бөлінісі
Бірінші деңгей Қазақстан Республикасы 17 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді. Астана қаласы — Қазақстанның елордасы. Алматы қаласы — ерекше мәртебеге ие республикалық маңызы бар қала. Шымкент қаласы — республикалық маңызы бар қала.
№ТаңбасыӘкімшілік бірлікОрталығыЖер аумағы, км²,08.06.2022Халық саны, адам,01.07.2026 Қоныстану тығыздығы,адам/км²Жан басына шаққандағы ЖІӨ, мың теңге2026 ж. Республикалық маңызы бар қалалар 1 50x50px Астана қаласы 797,331 682 721 2110,4 9 247 2 50x50px Алматы қаласы 6822 373 772 3480,7 11 310,4 3 50 px Шымкент қаласы 1162,81 310 681 1127.2 3 064,8 Облыстар 4 50 px Абай облысы Семей 185 500592 895 3,1 4 983,1 5 50 px Ақмола облысы Көкшетау 146 219793 020 5,4 4 676,7 6 50 px Ақтөбе облысы Ақтөбе 300 629958 183 3,2 5 052,4 7 50 px Алматы облысы Қонаев 105 2631 612 393 15,3 3 276,2 8 50px Атырау облысы Атырау 118 631718 526 6,1 21 401,2 9 50 px Батыс Қазақстан облысы Орал 151 339694 644 4,6 6 956,6 10 50 px Жамбыл облысы Тараз 144 2641 212 698 8,5 2 547,1 11 50px Жетісу облысы Талдықорған 118 648684 834 5,7 2 754,6 12 50 px Қарағанды облысы Қарағанды 239 0451 130 377 4,8 7 443,5 13 50 px Қостанай облысы Қостанай 196 001819 617 4,2 5 550,6 14 50 px Қызылорда облысы Қызылорда 226 019845 972 3,7 3 414 15 50 px Маңғыстау облысы Ақтау 165 642824 887 5,0 6 263,7 16 50 px Павлодар облысы Павлодар 124 755743 233 6,0 5 761,2 17 50 px Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл 97 993511 982 5,3 4 189,5 18 50 px Түркістан облысы Түркістан 117 2492 145 680 18,4 1 955,5 19 50 px Ұлытау облысы Жезқазған 188 936218 015 1,2 8 802,1 20 50px Шығыс Қазақстан облысы Өскемен 97 800716 459 7,4 6 135,4 Барлығы 2 724 90220 590 5987,2 6 058,3
Екінші деңгей Әкімшілік бөліністің екінші деңгейіне 170 ауылдық жердегі аудан, 19 қалалық жердегі аудан және 39 облыстық маңызы бар қала жатады.
Республикалық маңызы бар қалалардағы аудандар:
Астанада — 6 аудан Алматыда — 8 аудан Шымкентте — 5 аудан
Облыстық маңызы бар қала мәртебесін дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, халқының саны 50 мың адамнан жоғары ірі экономикалық және мәдени орталықтар алады.
Үшінші деңгей Үшінші деңгейде 48 аудандық маңызы бар қала, 6 қалалық жердегі аудан (облыстық маңызы бар Қарағанды, Ақтөбе және Тараз қалаларында екі-екіден), 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ және 101 ауыл әкімдігі бар.
Облыстық маңыздағы қала ішінде аудан ондағы халық саны 400 мың адамнан асқанда құрылады.
Тарихы
Ресей империясы XX ғасыр басында Қазақстан аумағында жеті облыс болған: Ақмола облысы — Омбы қаласы Жетісу облысы — Верный қаласы Күнгей Каспий облысы — Ашхабад қаласы Орал облысы — Орал қаласы Семей облысы — Семей қаласы Сырдария облысы — Ташкент қаласы Торғай облысы — Орынбор қаласы (облыс құрамына кірген жоқ)
Бұдан бөлек әскери әкімшілік бірліктер болған: Дала генерал-губернаторлығы — Омбы қаласы (құрамына Ақмола, Орал, Семей, Торғай облыстары кірді) Түркістан генерал-губернаторлығы — Ташкент қаласы (құрамына Жетісу, Күнгей Каспий, Сырдария, сондай-ақ Самарқан, Ферғана облыстары мен Әмудария бөлімі кірді)
Қазіргі Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы кей аумақтар Астрахан, Самара, Тобыл, Томбы губернияларының құрамында болды.
Кеңес заманы 400 px|thumb| Қазақ КСР-інің 1959 жылғы әкімшілік бөлінісі 1920: Семей губерниясы құрылды 1921: Төмендегідей губерниялар құрылды Ақмола губерниясы - Петропавл қаласы Ақтөбе губерниясы - Ақтөбе қаласы Қостанай губерниясы - Қостанай қаласы 1924: Жетісу, Сырдария губерниялары құрылды 13 қыркүйек 1925: Қостанай губерниясы жойылып, орнына Қостанай уезі құрылды 14 қыркүйек 1925: Қостанай уезі болыстарынан Қостанай округі құрылды 17 қаңтар 1928: Қазақ АКСР-індегі барлық губерниялар жойылып, орнына 13 округ құрылды Адай округі - Ойыл ауылы Ақмола округі - Ақмола қаласы Ақтөбе округі - Ақтөбе қаласы Алматы округі - Алматы қаласы Гурьев округі - Гурьев қаласы Қарқаралы округі - Қарқаралы қаласы Қостанай округі - Қостанай қаласы Қызылжар округі - Петропавл қаласы Қызылорда округі - Қызылорда қаласы Орал округі - Орал қаласы Павлодар округі - Павлодар қаласы Семей округі - Семей қаласы Сырдария округі - Шымкент қаласы 10 мамыр 1928: Қызылжар округінің атауы Петропавл округі болып өзгерді 10 сәуір 1929: Адай округі жойылды 17 желтоқсан 1930: Қазақ АКСР-інің барлық округтері жойылып, аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді 10 наурыз 1932: Қазақ АКСР-інде округтердің орнына 6 облыс құрылды Ақтөбе облысы - Ақтөбе қаласы Алматы облысы - Алматы қаласы Батыс Қазақстан облысы - Орал қаласы Қарағанды облысы - Петропавл қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы - Шымкент қаласы Шығыс Қазақстан облысы - Семей қаласы 1 шілде 1933: Гурьев округі қайта құрылды 4 шілде 1934: Қарқаралы округі қайта құрылды 29 шілде 1936: Қарқаралы округі жойылды. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары құрылды. Қарағанды облысының орталығы Петропавлдан Қарағандыға көшірілді 5 желтоқсан 1936: Гурьев округі жойылды 15 қаңтар 1938: Гурьев, Қызылорда және Павлодар облыстары құрылды 14 қазан 1939: Ақмола, Жамбыл және Семей облыстары құрылды. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Семейден Өскеменге көшірілді 16 наурыз 1944: Көкшетау және Талдықорған облыстары құрылды 6 маусым 1959: Талдықорған облысы жойылды 26 желтоқсан 1960: Тың өлкесі құрылды. Ақмола облысы жойылып, аумағы өлкенің тікелей басқаруына өтті 24 сәуір 1961: Тың өлкесі құрамында орталығы Целиноград қаласында Целиноград облысы құрылды Тың өлкесі - Целиноград қаласы (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Целиноград) 3 мамыр 1962: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Орал және Шымкент болып өзгерді. Құрамына 6 облыс кіретін Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері құрылды: Батыс Қазақстан өлкесі - Ақтөбе қаласы (Ақтөбе, Гурьев, Орал) Оңтүстік Қазақстан өлкесі - Шымкент қаласы (Жамбыл, Қызылорда, Шымкент) 1 желтоқсан 1964: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері жойылды 19 қазан 1965: Тың өлкесі жойылды 23 желтоқсан 1967: Талдықорған облысы қайта құрылды 23 қараша 1970: Торғай облысы құрылды 20 наурыз 1973: Маңғышлақ және Жезқазған облыстары құрылды 2 маусым 1988: Маңғышлақ және Торғай облыстары жойылды 17 тамыз 1990: Маңғыстау (бұрынғы Маңғышлақ) және Торғай облыстары қайта құрылды
Қазіргі заман thumb|450 px|Қазақстанның 2001-2018 жылдардағы әкімшілік бөлінісі 21 ақпан 1992: Гурьев облысы Атырау облысы болып өзгертілді 6 шілде 1992: Целиноград, Орал, Шымкент облыстарына бұрынғы Ақмола, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан атаулары қайтарылды 22 сәуір 1997: Талдықорған, Торғай облыстары жойылды 3 мамыр 1997: Жезқазған, Көкшетау, Семей облыстары жойылды 10 желтоқсан 1997: Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы ретінде ресми түрде жарияланды 6 мамыр 1998: Қазақстанның елордасы Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді 8 сәуір 1999: Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі 3 аудан Көкшетау қаласымен бірге Ақмола облысына берілді. Ақмола облысының орталығы Астанадан Көкшетауға көшірілді 14 сәуір 2001: Алматы облысының орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшірілді 19 маусым 2018: Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгерді. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалаға жатқызылып, облыс орталығы Түркістанға көшірілді right|500px|thumb|Қазақстан облыстары шекараларының өзгеріс тарихы (1954-2016) 23 наурыз 2019: Қазақстанның елордасы Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді 8 маусым 2022: Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан Қонаев (бұрынғы Қапшағай) қаласына көшірілді. Жаңадан 3 облыс құрылды: Абай облысы - Семей қаласы Жетісу облысы - Талдықорған қаласы Ұлытау облысы - Жезқазған қаласы 17 қыркүйек 2022: Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауы қайтарылды
Дереккөздер
Тағы қараңыз Қазақстан аудандары Қазақстан қалалары Қазақстан кенттері Қазақстан ауылдық округтері
Санат:Қазақстан әкімшілік бөлінісі