Ангелос Басинас (; 3 қаңтар 1976 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/9821, Халкиде, Грекия) — грекиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
Карьерасы 2004 жылғы Еуропа чемпионы. Грекия құрамасының экс-ойыншысы. 2004 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші турында Португалияның қақпасына пенальтиден гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. Бұл ойында Грекия 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кейін Басинас 2005 жылы Конфедерациялар кубогына, 2008 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
"Панатинайкос" клубының түлегі. 2006 жылға дейін осы клубтың намысын қорғады. Тек 30-дан асқан соң ғана шетелдік клубтарда карьерасын жалғастырды. 2006-08 жылдары "Мальоркада" доп тепті. 2008 жылы Грекияға оралып, АЕК клубына қосылды да, бір жылдан соң "Портсмутқа" ауысты.
Жетістіктері
Командалық Панатинаикос
Грекия чемпионы: 1996, 2004 Грекия кубогы: 2004
Грекия
Еуропа чемпионы: 2004 Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының ресми сайты
Санат:Грекия футболшылары Санат:Панатинаикос ФК ойыншылары Санат:Мальорка ФК ойыншылары Санат:АЕК Афина ФК ойыншылары Санат:Портсмут ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Грекия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары