Жозе Мигел да Роша Фонте (; 22 желтоқсан 1983 жыл, Пенафиел, Португалия) — португалиялық футболшы, қорғаушы. 2016 жылғы Еуропа чемпионы.

Карьерасы

Ұлттық құрама Португалияның 21 жасқа дейінгі құрамасында ойнады. Бірақ негізгі құрамадағы дебютін ұзақ күтті, 2014 жылы 31 жасында ғана алғашқы ойынын өткізді. 2014 жылы 18 қараша күні Аргентинамен өткен жолдастық ойында Пепенің орнына алаңға шықты.

2016 жылы Еуропа чемпионатына барған 23 футболшының қатарына енді, турнирде плей-офф матчтарыда түгел ойнады және финалда да негізгі құрамда алаңға шықты.

2017 жылы Ресейде өткен Конфедерациялар кубогында Мексика және Чилиге қарсы матчта ойнады.

2018 жылғы әлем чемпионатында құраманың төрт ойынына түгел қатысты.

Жетістіктері

Командалық

«Саутгемптон»

Лига кубогы: 2009/10 Үшінші дивизионнның күміс жүлдегері: 2010/11 Чемпионшиптың күміс жүлдегері: 2011/12

Халықаралық

«Португалия»

Еуропа чемпионы — 2016 Конфедерациялар кубогы — 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Португалия футболшылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Витория Сетубал ФК ойыншылары Санат:Фелгейраш ФК ойыншылары Санат:Пасус де Феррейра Ф Санат:Кристалл Пэлас ФК ойыншылары Санат:Саутгемптон ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары