Хорди Алаэс (Jordi Aláez Peña) — андорралық футболшы, жартылай қорғаушы. Андорра Ұлттық футбол құрамасында 2016 жылдан бері доп тебедіhttps://www.national-football-teams.com/player/64374.html.

Карьерасы "Андорра" футбол клубының түлегі. 2015 жылға дейін аталмыш команданың жастар клубында өнер көрсетті. 2015 жылы тұңғыш рет негізгі команданың сапына ілікті.

Ұлттық құрамада Андорраның түрлі жастағы құрамасында ойнады. Негізгі құрамадағы алғашқы ойынын 2016 жылы 26 мамыр күні Әзірбайжанға қарсы өткізді.

2018/19 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасының екінші турында Қазақстан қақпасына гол соқты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл — құраманың аталмыш турнирдегі тұңғыш голы еді. Дереккөздер

Сілтемелер Jordi Aláez at National-Football-Teams.com Jordi Aláez at LaPreferente.com (in Spanish)

Санат:Андорра футболшылары Санат:Андорра Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Андорра-Ла-Велья ФК ойыншылары Санат:Санта-Колома ФК ойыншылары