Мырзакент – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы кент, аудан және Мырзакент кенттік әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 403 км жерде орналасқан, Достық (Мырзашөл) каналының бойында.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13274 16550 124,7 6449 8362 129,7 6825 8188 120
Тарихы Іргесі 1910 жылы Мырзашөлді суландырумен айналысқан орыс жер қазушаларының қонысы болып қаланған. Әр жылдары Гавриленко, Славянский, Славянка ауылы деп аталған. 1930–97 жылдары Мақтаарал ауданының орталығы болып келді. 1958–90 жылдары жібек құртын өсіру питомнигі құрылып, жібек шаруашылығы дамып, піллә өндірілді. 1967–93 жылдары Славянка кенті болып аталды. Кентте ірі мақта өңдеуші кәсіпорындар, «Мырзакент» АҚ, ауыл шаруашылығы энергетика, құрылыс мекемелері жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы 6 орта мектеп, 1 гимназия, 1 президенттік лингвистикалық мектеп, 36 бала бақша, мәдениет үйі, кітапхана, «Сырдария» университеті, Мырзакент көпсалалы колледжі, емхана, кинотеатр, стадион бар.Қазақ энциклопедиясы, VI-том
Дереккөздер
Санат:Мақтаарал ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері