Қандөз (1997 жылға дейін — Түркістан) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қандөз ауылдық округі орталығы. 1997 жылға дейін "Түркістан" деп аталып келген.
Халқы Тұрғыны 1149 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434047100.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 88 км жерде, бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік, т.б. сораң шөптер өскен Сыр бойының қуаң жазығында орналасқан.
Тарихы 1964 – 97 жылдары қаракөл қойын өсіретін Түркістан кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Қандөзде және округке қарасты Қалғансыр, Қашқанкөл ауылдарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Қазақ энциклопедиясы Қазақтың тұңғыш елшісі Нәзір Төреқұловтың туған жері.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Викимапияда
Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері