Пауло Роберто Фалькао (; 16 қазан 1953 жыл, Абеларду-Лус, Санта-Катарина) — бразилиялық футболшы, Бразилия Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаныс шебінде ойнаған.

Футболшы туралы фактілер Фалькао кедей отбасында дүниеге келген. Футбол жаттығуларына баруға жолақы табудың өзі оларға үлкен күш болған, Фалькао жол жөнекей босаған бөтелкелерді жинап, одан қалса құрылыс орындарына барып кірпіш көтерісіп, тапқан ақшасына автобусқа билет алатын. Оның анасы ертеректе Бразилияға көшіп барған италиялықтардың қызы. 1982, 1986 жылдары әлем чемпионатына, 1979, 83 жылдары Америка кубогына қатысқан. Бразилия құрамасының капитаны, 1990-91 жылдары құраманың бапкері болған. 1980-85 жылдары Италияның "Рома" клубында ойнап, біраз жетістіктерге жетті. Оның керемет талантына сүйсінген "мәңгілік қаланың" футбол жанкүйерлері "Римнің сегізінші патшасы" деп атады. 1982 жылғы әлем чемпионатында Бразилия сапындағы бразилиялық клубтарда ойнамайтын екі футболшының бірі болды. Бұл додада Фалькао үш гол соқты. Ал 1986 жылғы әлем чемпионатында екі ойында алаңға шығып, мергендігімен көзге түсе алмады. Осы турнирден соң қайтадан құрама сапында ойнамады.

Жетістіктері Ойыншы ретінде

Командалық Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы: 1973, 1974, 1975, 1976, 1978 Бразилия чемпионы: 1975, 1976, 1979 Рока Кубогы: 1976 Атлантика кубогы: 1976 Италия кубогы: 1981, 1984 Италия чемпионы: 1983 Сан-Паулу штатының чемпионы: 1985, 1987

Жеке Бразилиядағы "Күміс доп" иегері: 1975, 1978, 1979 Бразилияның үздік футболшысы: 1978, 1979

Бапкер ретінде

Командалық Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы: 2011

Сілтемелер Профилі Профилі Профилі (cbf.com.br) Бразилия чемпионатындағы матчтары

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Интернасьонал ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Америка Мехико ФК жаттықтырушылары Санат:Интернасьонал ФК жаттықтырушылар Санат:Жапония Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары