Александар Митрович (; 16 қыркүйек 1994, Смедерево) — серб футболшысы, Англияның «Әл-Хилал» клубы мен Сербия Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Карьерасы Александр 2005 жылы "Партизан" командасына қабылданды. 2011 жылы "Телеоптик" жастар командасына ауысты. Онда бір маусымдай ойнап, 25 матчта 7 гол соқты. 2012 жылы 27 маусымда "Партизанмен" төртжылдық келісім шарт жасасты. Алғашқы ойынын Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде Мальтаның "Валетта" клубына қарсы ойнады. Сол жылы "Жыл командасы" тізіміне ілінді.

Келесі жылы "Андерлехтке" ауысты. Онда екі жылдай ойнап, Англияның "Ньюкасл" клубына қосылды. Клуб сапындағы алғашқы голын 2015 жылы 3 қазанда "Манчестер Ситидің" қақпасына енгізді.

Ұлттық құрамада Сербияның жастар командасында ойнап, негізгі құрамада 2013 жылы 7 маусымда Бельгиямен ойында дебют кездесуін өткіздіSportske (Serbian): Miha objavio spisak, samo Mitrović debitant May 31, 2013.

2018 жылы әлем біріншілігінің екінші турында Швейцарияның қақпасына гол соғып есеп ашты.

Жетістіктері

Командалық Сербия чемпионы: 2012/13 Бельгия чемпионы: 2013/14 Сауд Арабиясы чемпионы: 2023/24 Сауд Арабиясы чемпиондары кубогы: 2023/24 Сауд Арабиясы суперкубогы: 2024

Жеке

Сербияның жыл футболшысы: 2018

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Сербия футболшыларыСанат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Партизан Белград ФК ойыншылары Санат:Телеоптик ФК ойыншылары Санат:Андерлехт ФК ойыншылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Фулхэм ФК ойыншылары Санат:Әл-Хилал Эр-Рияд ФК ойыншылары