Альвред Финнбогасон (; 1 ақпан 1989, Рейкьявик, Исландия) — исландиялық футболшы, Германияның "Аугсбург" клубы мен Исландия Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. Карьерасы Исландияның әлем чемпионаттары финалдық турнирлеріндегі тұңғыш голының авторы (2018 жылғы әлем біріншілігінің топтық турнирінде Аргентинаның қақпасына соқты). 2010 жылдан бері ұлттық құрама сапында ойнап келеді.

Карьерасында Исландияның, Бельгияның (Жюпиле Лигасындағы бірінші голын 2011 жылы 12 ақпанда "Шарлеруаның" қақпасына соқты)), Испанияның, Швецияның, Нидерландтың, Германияның клубтарында ойнады.

Жетістіктері

Командалық «Брейдаблик»

Исландия чемпионы (1): 2010 Исландия кубогы (1): 2009

«Локерен»

Бельгия кубогы (1): 2011/12

«Хельсингборг»

Швеция суперкубогы (1): 2012

Жеке

Исландия чемпионатының үздік мергені (1): 2010 Исландияның үздік жас футболшысы (1): 2009 Нидерланд чемпионатының үздік мергені (1): 2013/14

Дереккөздер

Сілтемелер УЕФА сайтындағы профилі Worldfootball.net сайтындағы профилі

Санат:Исландия футболшылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК ойыншылары Санат:Брейдаблик ФК ойыншылары Санат:Реал Сосьедад ФК ойыншылары Санат:Исландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары