Саид Әл-Овайран (; 19 тамыз 1967 жыл, Сауд Арабиясы) — араб футболшысы, Сауд Арабиясы ұлттық құрамасында ойнаған, жартылай қорғаушы.
Қызықты мәліметтер 1994 жылғы әлем біріншілігінің топтық турниріндегі Бельгиямен ойында Овайран алаң ортасынан доп алып, алдынан шыққан футболшылардың бәрін алдап өтіп гол соқты. Осы керемет голынан соң оны "Араб Марадонасы" деп атай бастады. Осы жылы Азияның үздік футболшысы атанды.
Карьерасы Бүкіл футболшылық ғұмырында тек Аль-Шабаб клубында ғана ойнап, 600-ге тарта ойын өткізді. Ұлттық құрама сапында 1991-98 жылдары өнер көрсетіп, 1996 жылы Азия чемпионы атанды. Ұлттық құрама сапында 24 гол соққан.
Жетістіктері
Азия чемпионы: 1996 Азияның күміс жүлдегері: 1992 Фахда Королдың кубогының күміс жүлдегері: 1992 Араб Ұлттары кубогының жеңімпазы: 1994 Сауд Арабия чемпионы: 1991, 1992, 1993 АФК Кубок иелері кубогының жеңімпазы: 2001
Сілтемелер Арабиядан шыққан Марадона
Санат:Сауд Арабиясы футболшылары Санат:Футболдан Азия чемпиондары Санат:Сауд Арабиясы Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Әл-Шабаб Эр-Рияд ФК ойыншылары