Малайзия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол турнирлерінде Малайзияның намысын қорғайтын құрама. ФИФА және АФК мүшесі.

Тарихы 1954 жылы ФИФА-ға, 1956 жылы АФК-ға мүше болды. Әлем чемпионаттарына қатыспаған. Азия кубогына 3 рет қатысқан. 1976 жылы 5-ші, 1980 жылы 6-шы орын алған. 2007 жылғы Азия кубогын Малайзия төрт мемлекетпен бірігіп ұйымдастырды. Өз алаңдарында өткен турнирде топтық турнирден аса алмады.

2010 жылы Вьетнамда өткен Оңтүстік-Шығыс Азия кубогында (АСЕАН) Индонезияны екі ойын қорытындысында (3:0, 1:2) қапы қалдырып, турнир жеңімпазы атанды.

Жетістіктері

АСЕАН турнирінің жеңімпазы: 2010 АСЕАН турнирінің финалисі: 1996, 2014

Дереккөздер

Сілтемелер ФИФА сайтындағы профилі

Санат:Малайзия Ұлттық футбол құрамасы