Христо Стоичков (; 8 ақпан 1966, Пловдив, Болгария) — болгариялық футболшы, шабуылшы. Карьерасының басым бөлігін ЦСКА және "Барселона" клубтарында өткізген. 80-90 жылдары Болгария Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Мансабы 1990 жылы ЦСКА сапында ойнап жүріп, Кубок Иелерінің Кубогында "Барселонаның" қақпасына үш гол соғып, каталондықтардың бапкері Йохан Кройфтың көзіне түседі. Соның артынша Стоичков ""Барселонамен" келісім-шарт жасасты. "Барселона" сапында екі жылдан соң УЕФА Чемпиондар Кубогын жеңіп алды. Бұл ескі форматтағы турнирдің соңғы маусымы болатын.

Екі әлем чемпионатына қатысты. 1994 жылғы әлем чемпионатында алты гол соғып, ресейлік шабуылшы Олег Саленко екеуі турнирдің сұрмергені атанып, құраманың әлемдік додада бірінші рет жартылай финалға шығуына үлкен үлес қосты. Құрама 1996 жылғы Еуропа чемпионатында топтан шыға алмай қалады. Осы себепті Болгарияны 1994 жылы рекордтық биікке көтерген Димитр Пенев орнынан босатылды. Оған Стоичков наразылық білдірді де, ол үлкен киікілжіңге ұласып, бұл құрама ойындарына бір жылға дейін қатыса алмайтын боп дисквалификацияға ұшырады. Құрамаға тек 1997 жылы 8 маусымда Люксембургпен матчта ғана оралды. Осы ойында Стоиков есеп ашты, ал құрама 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Дәл осы кезде "Барселонадағы" ойыны нашарлап кеткен Стоичков "Аль Наср" клубына ауысты. Ал, Болгария құрамасы үш ойында бір ғана ұпай жинап, топтық турнирден аса алмаған 1998 жылғы әлем чемпионатынан кейін Стойчков Жапония клубтарының біріне өтті. Бірер жылдан соң АҚШ-қа кетті де, 2003 жылы карьерасын аяқтады.

2004-2007 жылдар аралығында Болгария құрамасына бапкер болды, бірақ бір де-бір ірі турнирге жолдама ала алмады.

Жетістіктері Командалық Болгария чемпионы (3): 1986/87, 1988/89, 1989/90 Болгария кубогы (4): 1984/85, 1986/87, 1987/88, 1988/89 Испания чемпионы (4): 1990/91, 1991/92, 1992/93, 1993/94 Испания кубогы: 1996/97 Испания суперкубогы (4): 1991, 1992, 1994,1996 УЕФА Чемпиондар Кубогы: 1991/92 УЕФА Кубогы (2): 1992, 1997 УЕФА Кубок иелері кубогы: 1996/97 АФК Кубок иелері кубогы: 1997/98 Джей-лига кубогы: 1999 АҚШ кубогы: 2000

Жекелей Болгарияның үздік футболшысы: 1989, 1990, 1991, 1992, 1994 "Алтын доп" иегері: 1994 Халықаралық матчтардың үздік мергені: 1994IFFHS — The World’s best top goal scorer ФИФА 100 тізіміне енген. 1954-2003 жылдар аралығындағы Болгарияның ең үздік футболшысы. 1994 жылғы әлем чемпионатының сұрмергені (ресейлік Олег Саленкомен бірге): 6 гол

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Болгария футболшылары Санат:Болгария Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:ЦСКА София ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Әл-Наср Эр-Рияд ФК ойыншылары Санат:Касива Рейсол ФК ойыншылары Санат:Чикаго Файр ФК ойыншылары Санат:Ди Си Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Болгария футбол жаттықтырушылары Санат:Болгария Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Сельта ФК жаттықтырушылары Санат:Мамелоди Санднауз ФК жаттықтырушылары Санат:Литекс ФК жаттықтырушылары Санат:ЦСКА Софья ФК жаттықтырушылары Санат:Алтын доп иегерлері