Судан Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Суданның намысын қорғайтын құрама. Басқарушы ұйым — Судан Футбол Қауымдастығы. Тарихы Судан Футбол Қауымдастығы 1936 жылы құрылған. 12 жыл өткен соң ФИФА-ға мүше болды. Африка Футбол Конфедерациясына алғаш тіркелген ұйымдардың бірі (1957 жылы тіркелді).
Әзірше әлем чемпионатына қатысқан емес. Африка Ұлттар Кубогына 1957 жылдан бері сегіз рет қатысқан. 1957 жылы үшінші орын алды, ал 1959, 1963 жылдары күміс жүлдегер атанды. Ең жоғары жетістігі: 1970 жылы өз елдерінде өткен турнирде чемпиондыққа қол жеткізді.
Үш рет КЕСАФА кубогында топ жарды — 1980, 2006, 2007.
Атақты ойыншылары Атта Гобара Ибрагим Мустафа Ибрагим Хуссейн Захир Абдель Гани Идрис Хатир Африка Ұлттар Кубогы Финал
Дереккөздер
Сілтемелер Құрама жайлы ФИФА сайтында
Санат:Судан Ұлттық футбол құрамасы