Маралды – Ертіс алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Шарбақты, Павлодар аудандары жерінде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 54,7 км2, ұзындығы 9,5 км, ені 8,3 км, су жиналатын алабы 773 км2. Жағасы сазды, көпшілік жері көлбеу жазық, оңт.-шығысы тік жарлы. Жаздың аяқ шенінде құрғап қалады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Шарбақты ауданы көлдері