Вадим Витальевич Харченко (28 мамыр 1984 жыл) — қырғыз футболшысы, Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы.
Карьерасы "Дордой" клубының түлегі. 18 жасында негізгі құрамға ілікті. 2003 жылы Бішкектің СКА-Шоро клубына ауысып, үш жылдай өнер көрсетті. 2004 жылы біраз уақыт Шымкенттің "Ордабасы" клубына жалға берілді.
2006 жылы "Дордойға" оралды. Содан бері 2014 жылы Түркияның төменгі лигаларына қатысатын «Тавшанлы Линайтиспор» клубына жалға берілгені болмаса, осы уақытқа дейін табан аудармай туған клубында ойнап келеді.
Ұлттық құрамада 2003-15 Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасында ойнады. Құраманың жетекші футболшыларының бірі, 53 матч өткізіп, рекорд жасады. 2007 жылы 19 тамызда Үндістанда Неру кубогына қатысып, Камбоджа құрамасының қақпасына құрама сапындағы алғашқы голын енгізді. Құрама сапында барлығы үш гол соқты.
Жетістіктері Командалық Қырғызстан чемпионы (7): 2006, 2007, 2008, 2009, 2011, 2012, 2014 Қырғызстан кубогы (5): 2003, 2006, 2008, 2010, 2012 АФК президенті кубогының жеңімпазы (2): 2006, 2007
Жекелей Қырғызстанның екі дүркін үздік футболшысы: 2007, 2013
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:28 мамырда туғандар Санат:Қырғызстан футболшылары Санат:Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Дордой ФК ойыншылары Санат:Алға ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары