Жюст Фонтен (; 18 тамыз, 1933 жыл, Марракеш, Марокко) — франциялық футболшы, шабуылшы. 50-жылдардың екінші жартысында Франция Ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған. Жекелеген әлем чемпионатында гол соғудан рекорд орнатқан футболшы. 1958 жылғы әлем біріншілігінде 13 гол енгізген.

Өмірбаяны Әкесі Нормандиялық француз, анасы испан. Карьерасын өзінің туған қаласы Марракештегі әуесқой клубтан бастады. Кейін елдегі танымал клубтардың бірі "УСМ Касабланкаға" ауысты. 1953 жылы ФРанцияға келді де, "Ницца" клубында өнер көрсетті. Фонтен келген маусымда команда Франция кубогын ұтып алды. 1956 жылы Франция чемпионатында топ жарды. Сол жылы "Реймске" командадан кеткен тағы бір француз танымал футбошысы Раймон Копаның орнына барды. 1958, 1960, 1962 жылдары Франция чемпионы атанды.

Франция құрамасының сапында алғаш рет 1953 жылы 17 желтоқсанда Люксембургке қарсы ойында алаңға шықты. Бұл матчта Фонтен хет-трик жасап, француздар 8:0 есебімен жеңіске жетті. Оның жұлдызы 1958 жылғы әлем чемпионатында жарқырап, 13 гол соқты. Құрама жартылай финалға дейін жетіп, Бразилиядан 2:5 есебімен ұтылып қалды. Үшінші орын үшін ойында Франция ГФР футбошыларын 6:3 есебімен ұтып, қола жүлдені иеленді. Бұл матчта Фонтен 4 гол соқты.

1960 жылы 11 қазанда құрама сапында соңғы рет алаңға шықты. Бұл ойында Франция 3:0 есебімен Болгарияны ұтты.

Футболшылық ғұмырын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. 1967 жылы Франция құрамасын жаттықтырды, бірақ екі матч қана өткізді. Кейін 80-жылдары Марокко құрамасына да бапкер болды.

Жетістіктері Командалық Франция чемпионы (4): 1956, 1958, 1960, 1962 Франция кубогы (2): 1954, 1958 УЕФА Чемпиондар Кубогының финалисі: 1959 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1958

Жеке Франция чемпионатының үздік мергені (2): 1958, 1960 УЕФА Чемпиондар Кубогының үздік мергені: 1959 Әлем чемпионатының үздік мергені: 1958 Бір чемпионатта гол согудың рекордшысы: 13 гол Франция құрамасының әлем чемпионаттарындағы мергені: 13 гол ФИФА 100 тізіміне енген Құрмет орденінің иегері

Дереккөздер

Сілтемелер ФФФ сайтындағы профилі

Санат:Франция футболшылары Санат:18 тамызда туғандар Санат:Реймс ФК ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ницца ФК ойыншылары Санат:Марокко Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Франция футбол жаттықтырушылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК жаттықтырушылары Санат:Тулуза ФК жаттықтырушылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары