ОФК Ұлттар кубогы — Океания Футбол Конфедерациясының қарамағындағы ең басты турнир. Мұхиттық аралдарға қарасты құрамалар сынға түседі. ОФК чемпионын анықтайды. Жеңімпаз команда Конфедерациялар кубогына жолдама алады.

Тарихы Алғашқы турнир 1973 жылы Жаңа Зеландияда өткізілді. Екінші турнир 1980 жылы Жаңа Каледонияда өтті. Үшінші турнирді арада 16 жыл өткен соң, 1996 жылы бірнеше мемлекетте ойналды. Содан бері тұрақты түрде ойналып келеді. 2004 жылға дейін екі жыл сайын өткен болса, содан бері төрт жыл сайын ОФК-ның үздік құрамалары бас қосады.

2006 жылға дейін турнирдің басты фаворитерінің бірі Аустралия болды. 2006 жылы Аустралия Азия Конфедерациясына ауысты да, негізгі фаворит Жаңа Зеландия ғана боп қалды. Бұл екі құрамадан бөлек, 2012 жылы Таити құрамасы турнирде чемпион атанды.

Кей кездері әлем чемпионаттарының іріктеу турнирі мен ОФК Ұлттар кубогы біріктіріліп өткізіледі. Бірнеше рет турнир жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама беретін құрлықаралық плей-оффқа қатысты.

Жеңімпаздар 5 1973, 1998, 2002, 2008, 2016 4 1980, 1996, 2000, 2004 1 Таити 2012

Басқа да фактілер Турнирді екі рет ұйымдастырған тек Аустралия ғана. 1998, 2004 жылдары Аустралияда өткізілді. Қатысушылар көрсеткіштері ҚұрамаОЖТҰСДЖД+- 44 32 4 8 110 39 +71 28 24 2 2 142 13 +129 Таити 37 18 5 14 80 81 −1 27 12 4 11 65 52 +13 32 9 4 19 39 67 −28 36 8 2 26 41 85 −44 28 7 4 17 31 70 −39 14 3 5 6 23 42 −19 4 0 0 4 1 41 −40 6 0 0 6 1 43 −42

Финалдар 1973. Жаңа Зеландия — Таити — 2:0 1980. Аустралия — Таити — 4:2 1996. Аустралия — Таити — 6:0, 5:0 1998. Жаңа Зеландия — Аустралия — 2:0 2000. Аустралия — Жаңа Зеландия — 0:2 2002. Жаңа Зеландия — Аустралия — 1:0 2004. Аустралия — Соломон аралдары — 5:1, 6:0 2008. Жаңа Зеландия — Жаңа Каледония — 3:0 (топта) 2012. Таити — Жаңа Каледония — 1:0 2016. Жаңа Каледония — Папуа Жаңа Гвинея — 0:0 (пен - 4:2)

Сілтемелер Турнирдің веб-сайты

Санат:ОФК Ұлттар кубогы Санат:ОФК халықаралық турнирлері Санат:Футболдан Ұлттық құрамалар жарыстары