Давид Сержио Трезеге (фр. David Sergio Trezeguet;) . 15 қазан 1977 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/4146, Руан, Франция) — француз футболшысы, шабуылшы. Франция Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Өмірбаяны 1998 жылғы әлем, 2000 жылғы Еуропа чемпионы. 2000 жылғы Еуропа чемпионатының финалында Италияның қақпасына шешуші голды соққан. Ал 2006 жылғы әлем чемпионатының финалында тағы да Италиямен ойында пенальтилер сериясында қателесіп, құрама алтын жүлдеден құр қалды.
2008 жылғы Еуропа біріншілігінің қарсаңында құрама бапкері Раймон Доменекпен кикілжіңге келіп қалды да, чемпионатқа баратын футболшылар тізіміне қосылмады да, ұлттық құрамаға сол күйі шақырылмай кетті.
10 жыл бойы (2000-10 жж) "Ювентусте" тұрақты ойнаған.
Трезегенің тегі аргентиналық. Әкесі Хорхе Трезеге Францияның "Руан" клубы сапында ойнап жүргенде дүниеге келген.
Кейін Трезегенің Аргентина құрамасы сапында ойнауға да мүмкіндігі болды. Бірақ ол Францияны таңдады.
Жетістіктері Командалық Монако Франция чемпионы (2): 1997, 2000 Франция суперкубогы: 1997
Ювентус Италия чемпионы (А) (2): 2002, 2003 Италия чемпионы (B): 2007 Италия суперкубогы (2): 2002, 2003
Франция Әлем чемпионы 1998 Әлемнің вице-чемпионы 2006 Еуропа чемпионы 2000
Жекелей ФИФА-100 тізіміне енген Францияның үздік жас футболшысы: 1997—1998 Италия чемпионатының мергені: 2001—2002 Италиядағы жыл футболшысы: 2001—2002 Италиядағы үздік легионер: 2001—2002 «Ювентус» тарихындағы үздік легионер мерген (171 гол) Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының ресми сайты
Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:Франция футболшылары Санат:1977 жылы туғандар Санат:15 қазанда туғандар Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Эркулес ФК ойыншылары Санат:Бани Яс ФК ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары