Мақтаарал — Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент қалашығындағы футбол клубы.

Тарихы 2012 жылы клуб Қазақстанның екінші лигасында чемпион атанды. Осы жетістіктен соң "кәсіпқой клуб" деген статус алды да, бірінші лигада ойнауға мүмкіндік берілді. Содан бері бірінші лигада ойнайды. Жыл сайын бір орын болса да жоғары өрлеп келеді: 2013: 16 орын, 2014: 14 орын, 2015: 8 орын, 2016: 5 орын, 2017: 4 орын. 2018: 7 орын. 2019: 6 орын. 2020: А тобы 4 орын. 2021: 2 орын

2017 жылғы маусымда төртінші орын алды да, элитаға шығу үшін Оралдың "Ақжайық" клубымен соңғы жолдаманы сарапқа салды. 2017 жылы 9 қараша күні "Астана Аренада" өткен матчта мақтааралдықтар бірінші боп есеп ашқанымен, кейін екі доп жіберіп алды да, жолдамаға "Ақжайық" иелік қылды.

2021 жылы турнирдің бірінші кезеніңде Вахид Масудовтың ал екінші кезеніңде Константин Горовенконың жаттықтыруымен 2 орынға ие болды. Осылайша премьер лигаға жолдама алды.

Статистика Жыл Лига Орын Ойын Ұтыс Тең Ұтылыс Доп Кубок Мергендер 2013 1 лига 16 34 5 7 22 29−62 1/16 Седько Эрнес - 8 2014 1 лига 14 28 4 5 19 33−62 1/16 Барба Вадим − 5 2015 1 лига 8 24 7 11 6 22−17 1 кезең Абутов Асқар, Тәжмағамбетов Әлімхан − 4 20161 лига 5 28 11 8 9 31−31 1 кезең Абутов Асқар − 8 2017 1 лига 4 24 9 8 7 30 − 26 1/8 Оралбай Едіге − 620181 лига7331461341 - 411/4Павинич Роман, Абутов Асқар - 920191 лига6261321137-341 кезеңБекнұр Рысқұл-1020201 лига 1 конференция41252515-16өткізілмедіСердюков Вячеслав — 520211 лига222154437-15топтық кезеңСердюков Вячеслав-7

Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:Мақтаарал ФК Санат:2012 жылы құрылған футбол клубтары