Мигель Муньос Мосун (; 19 қаңтар 1922 жыл, Мадрид — 16 шілде 1990 жыл, Мадрид) — испан футболшысы және бапкері. Жартылай қорғаныста және қорғаныста ойнаған.
Мансабы Мигель Муньос УЕФА Чемпиондар Кубогын ойыншы ретінде де, бапкер ретінде де ұтып алған тарихтағы тұңғыш спортшы. "Реал Мадрид" сапында ойнап жүріп, 1958 жылы 36 жасында футболшылық карьерасын аяқтады. Оның қоштасу матчына көптеген футбол жұлдыздарымен бірге, футбол падищасы Пеле де келді.
Бапкерлік карьерасын мадридтік клубтың ізбасарлар клубын жаттықтырудан бастап, 1959 жылы команданың өзін баптайды. Өмірінің соңғы жағында Испания құрамасын жаттықтырып, 1984 жылғы Еуропа чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізеді. 1986 жылғы Әлем чемпионатына да қатысып, ширек финалда Бельгиядан пенальтилер сериясы арқылы ғана ұтылып қалады.
1988 жылы Еуропа чемпионатында Испания құрамасы топтық турнирден аса алмай, сәтсіздіктің айыпкері ретінде Муньос бапкерліктен босайды. Арада екі жыл өткен соң даңқты бапкер науқастан қайтыс болады.
2005/06 маусымнан бастап Испания чемпионатында үздік бапкерге берілетін номинация "Мигель Муньос атындағы жүлде" деп аталып келеді.
Жетістіктері Ойыншы ретінде Испания чемпионы: 1954, 1955, 1957, 1958 Чемпиондар Кубогы: 1956, 1957, 1958
Бапкер ретінде Испания чемпионы: 1961, 1962, 1963, 1964, 1965, 1967, 1968, 1969, 1972 Чемпиондар кубогы: 1960, 1966 Континентаралық кубок: 1960 Испания кубогы: 1962, 1970 Еуропаның күміс жүлдегері: 1984
Cілтемелер
Санат:Испания футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Сельта ФК ойыншылары Санат:Расинг Сантандер ФК ойыншылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары Санат:Реал Мадрид ФК жаттықтырушылары Санат:Гранада ФК жаттықтырушылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Лас-Пальмас ФК жаттықтырушылары Санат:Севилья ФК жаттықтырушылары