Антонио Феликс Карбахаль Родригес (, 7 маусым 1929, Мехико) — мексикалық футболшы, қақпашы.
Өмірбаяны Кәсіпқой карьерасын "Реал Эспанья" клубында бастаған. 1950 жылғы әлем чемпионатынан соң "Леон" командасына ауысып, ұзақ жылдар бойы сонда өнер көрсетті. Бапкерлікке ауысқан соң да осы команданы екі жылдай баптады.
Карбахаль алғаш рет 1950 жылғы Әлем чемпинатында Мексиканың қақпасын қорғады. Мұнан кейін 1954, 1958, 1962, 1966 жылдары әлем чемпионатына барды. Осылайша бес рет әлем чемпионатына қатысқан тұңғыш футболшы болып тарихта қалды. Кейін оның бұл жетістігін 1998 жылы неміс Лотар Маттеус, 2018 жылы Карбахальдың отандасы Рафа Маркес қайталады. Карбахаль сонымен бірге, 1948 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиадалық ойындарға да қатысқан.
Оның Эль Синко Копас деген лақап аты бар. Испаншадан аударғанда "5 кубок" деген мағына береді.
Әлем чемпионаттарында 11 кездесу өткізіп, 25 доп жіберіп алған.
Жетістіктері Мексика чемпионы (2): 1951/52, 1955/56 Мексика кубогы (1): 1957/58 Мексика суперкубогы (1): 1956 Футболға сіңірген еңбегі үшін "ФИФА Алтын алқасымен" марапатталған.
Әдебиетте CARRILLO, Omar (2006). La Historia de las Copas del Mundo: Crónicas de la Selección Mexicana, El Tri en cada mundial. (Editorial Televisa edición). México
Сыртқы сілтемелер Эль Синко Копас
Санат:Мексика футболшылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Леон ФК ойыншылары Санат:Мексика футбол жаттықтырушылары Санат:Атлетико Морелия ФК жаттықтырушылары