Педро Элиезер Родригес Ледесма (; 27 шілде, 1987, Санта-Крус-де-Тенерифе) — Испания құрамасының және Италияның "Лацио" клубының футболшысы, жартылай қорғаушы.

Өмірбаяны

Клубтық "Барселона" футбол академиясының түлегі. Команда құрамында алғаш рет 2008 жылы 12 қаңтарда Испания кубогы аясындағы "Мурсиямен" ойында негізгі құрамда алаңға шықты. Бұл ойында "Барселона" 4:0 есебімен жеңіске жетті. Жеті маусым бойы "Барселона" сапында тұрақты ойнап, 320 кездесуде 99 гол соқты. 2008-09 жылғы маусымда команда қатысқан алты бірдей клубтық турнирдің бәрінде гол соққан тарихтағы тұңғыш футболшы. 2009 жылы 29 тамыздағы УЕФА Суперкубогында Донецкінің "Шахтерімен" өткен ойында матч тағдырын шешкен жалғыз допты соқты. 2011 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында есеп ашты. Айта кетейік, бұл ойында "Барселона" 3:1 есебімен "Манчестер Юнайтедті" ұтқан болатын.

Барселона сапында үш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.

2015 жылы 20 маусымда "Челсиге" ауысып, төрт жылдық келісім-шартқа қол қойды. Арада үш күн өткен соң "Вест-Бормбичпен" болған чемпионат матчында алаңға шықты да, бір гол соқты. "Челси" 3:2 есебімен жеңіске жетті. 2016/17 маусымда Англия чемпионы атанды.

2020 жылы тамыз айында "Ромаға" ауысты.

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2010 жылы 29 мамырда Сауд Арабиясымен өткен жолдастық кездесуде алаңға шықты. Бұл ойында Испания 3:2 есебімен жеңіске жетті. Арада бір жарым ай өткен соң құрама 2010 жылғы Әлем чемпионатында алтын жүлдені иемденді. Арада екі жыл өткен Еуропа чемпионы атанған құрама сапында да Педро болды.

Жетістіктері "Барселона" сапында Испания чемпионы (5): 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2012/13, 2014/15 Испания кубогы (3): 2009, 2012, 2015 Испания суперкубогы (4): 2009, 2010, 2011, 2013 УЕФА Чемпиондар Лигасы (3): 2009, 2011, 2015 УЕФА Суперкубогы (3): 2009, 2011, 2015 Клубтар әлем чемпионаты (2): 2009, 2011

"Челси" сапында Англия чемпионы (1): 2016/17 Англия кубогы: 2017/18 УЕФА Еуропа лигасы: 2018/19

Ұлттық құрама сапында Әлем чемпионы (1): 2010 Еуропа чемпионы (1): 2012

Жеке өмірі Кароила Мартинге үйленген. 2013 жылы 4 сәуірде ұлдары Брайн Родригес Мартин дүниеге келді. 1984 жылы туған Ағасы Криан Родригес Ледесма да футболшы.

Сыртқы сілтемелер ФИФА сайтындағы профилі

Санат:Испания футболшылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары