Лудогорец — Болгариялық футбол клуб. Разград қаласынан. 21 ғасырдың екінші онжылдығындағы Болгарияның ең жүлделі клубы.
Тарихы Клуб 2001 жылы құрылған. Ол кезде "Разград-2000" деп аталды. 2010 жылы қазіргі атауына ие болды.
2011/12 маусымда Болгарияның жоғары дивизионында ойнай бастады. Сол жылы-ақ Болгария кубогы мен чемпионатын жеңіп алды. Содан бері алтын жүлдені ешкімге берген емес, 2019 жылы қатарынан сегізінші рет топ жарды.
2012/13 жылғы маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф рaундына жолдама алып, Швейцарияның "Базелінен" ұтылып қалды.
2014/15 жылғы маусымда клуб бірінші рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты. Бірақ "Реал", "Ливерпуль", "Базель" клубтарымен бір топқа түсіп, 4 ұпай ғана жинады да, соңғы орында қалды.
2016/17 маусымында УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалына дейін жетті.
Жетістіктері Болгария чемпионы - 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2020/21, 2021/22, 2022/23, 2023/24 Болгария кубогы - 2012, 2014, 2023 Болгария суперкубогы - 2012, 2014, 2018, 2019
Команда мүшелері
Атақты футболшылары Бәрі де болгариялықтар
Александр Александров Михаил Александров Станислав Генчев Эмиль Гаргоров Светослав Дяков Христо Златински Йордан Минев Иван Стоянов Владислав Стоянов Георгий Терзиев
Бапкерлері
Эдуард Ераносян (2015) Георгий Дерменджиев (2015—2017) Димитр Димитров (2017—2018) Пауло Аутуори (2018)
Дереккөздер
Cілтемелер
http://www.ludogorets.com/bg/
Санат:Болгария футбол клубтары Санат:2001 жылы құрылған футбол клубтары