Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігі финалы (ағыл. 2018 FIFA World Cup Final) — 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының шешуші матчы. 15 шілдеде Ресей астанасы Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтті. Финалда Хорватия және Франция құрамалары әлем чемпиондығын сарапқа салды. Француздар 4:2 есебімен жеңіске жетіп, екінші рет әлем чемпионы атанды.
Матч туралы фактілер
Финалдық ойын нәтижелілігімен ерекшеленді. 1966 жылдан бері тұңғыш рет финалдық кездесуде алты доп соғылды. Сондай-ақ, 2002 жылдан бері бірінші рет негізгі уақытта ойын тағдыры шешілді. Дидье Дешам футболшы ретінде де, бапкер ретінде де чемпион атанған тұлғалардың қатарына қосылды. Бұған дейін мұндай нәтижеге қол жеткізгендер екеу ғана еді: Франц Беккенбауэр, Марио Загало Хорват футболшылары тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына шықты. Бұған дейін, яғни 1998 жылы жартылай финалға жеткенді, ол жолы да Франция құрамасы бұларды тоқтатқан. Сол кездегі Франция құрамасы сапында Дидье Дешам бар еді.
Финалға дейінгі жол ФранцияРаундХорватияҚарсыласНәтижеТоптық кезеңҚарсыласНәтиже2-11 тур2-01-02 тур3-00-03 тур2-1С тобының жеңімпазы атандыД тобының жеңімпазы атандыҚарсыласНәтижеПлей оффҚарсыласНәтиже4–31/8 финал1-1 пен 3-22–01/4 финал2–2 пен 4-31–01/2 финал2–1 Матч
Шолу Француздар о баста бұл матчтың фавориті болып саналғанымен, хорваттар да қарсыласына дес бермеді. Өкінішке орай, шама-шарықтары екінші таймның ортасына дейін ғана жеткен.
Үзілістен кейін есеп 2:1 болған кезде, Хорватия құрамасында француздарды қуып жетуге мүмкіндік болса, екінші таймның ортасында соғылған екі гол хорваттардың Кубок иеленуге деген ұмытылысын су сепкендей басты.
Алайда финалда тағы бір күтпеген жайт болды. Франция қақпашысы Уго Льорис өз қақпасы алдында біраз ойнаймын деп, матчтың барысын өзгертті. Өз-өзіне деген шектен тыс сенімділіктің салдарынан гол жіберіп алды: бірінші таймда автогол соққан Марио Манджукич бұл сәтті құр жібермей гол салып, 40 жыл ішінде әлем чемпионатының бір матчында автогол және гол соққан алғашқы ойыншы атанды.
Әрі қарайғы ойын тепе-тең өрбіп, қарсыластар өзара шабуылды үдетті. Алайда француздар басым түсіп, енді, міне, жиырма жыл өткен соң Әлем кубогы тағы да Парижге жол тартты.
Ал, бақандай алты гол соғылған Франция — Хорватия матчы 1966 жылдан бергі әлем чемпионатындағы ең нәтижелі финал болды.
Детальдар
GK 1 Юго Льорис (к)RB 2 Бенжамен ПаварCB 4 Рафаэль ВаранCB 5 Самюэль ЮмтитиLB 21Лукас Эрнандес CM 6 Поль ПогбаCM 13Н’Голо Канте RW 10Килиан МбаппеAM 7 Антуан ГризманнLW 14Близ Матюиди CF 9 Оливье Жиру Алаңға шыққандар:MF 15Стивен Нзонзи MF 12Корентин Толиссо FW 18Набил Фекир Бапкер:Дидье Дешам GK 23Даниэль СубашичRB 2 Шиме Врсалько CB 6 Деян ЛовренCB 21Домагой ВидаLB 3 Иван Стринич CM 7 Иван ПеришичCM 11Марцело БрозовичRW 18Анте Ребич AM 10Лука Модрич (к)LW 4 Иван ПеришичCF 17Марио МанджукичАлаңға шыққандар:FW 9 Андрей Крамарич MF 20Марко Пьяца Бапкер:Златко Далич
Cтатистикасы +КомпоненттерФранцияХорватияДоп иелену39 %61 %Пас269548Тура бағытталған соққылар63Барлық соққылар815Сэйвтер13Фолдар1413Бұрыштама26Ойыннан тыс қалулар11Ескертулер21Қызыл қағаздар00
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми веб-сайты
Санат:Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігі Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Мәскеудегі спорт жарыстары Санат:2018 жыл Мәскеуде Санат:15 шілде оқиғалары Санат:2018 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары