Желек. Сәукеле мақаласын қараңыз.Қазақ энциклопедиясы,3 том Геологияда: өз тектестерімен қалыпты яки стратиграфиялық тұрғыдан астасқан тау жыныстары қабатының беткі жазықтығы. Тау-кен өндірісінде: пайдалы қазба қабатшасының (желісінің, шоғырының т.с.с.) үстіңгі жапсарындағы пайдасыз жыныстар. Желек терминінің осы мағынасына синоним ретінде кейде қақпақ сөзі қолданылады.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.

Дереккөздер