БАӘ Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Біріккен Араб Әмірліктерінің намысын қорғайтын ұлттық құрама. Басқарушы органы - БАӘ футбол қауымдастығы. 1990 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. 1996 жылғы Азияның күміс жүлдегері. 2015 жылғы Азияның қола жүлдегері. 2019 жылғы Азия Кубогында жартылай финалға дейін жетті.

1990 жылғы әлем чемпионаты. Д тобы 1990 жылы ГФР, Югославия, Колумбия құрамаларымен бір топқа түсті. Тарихта тұңғыш рет әлемің футбол комментаторлары футболшылардың аты-жөнінен жаңылумен болды: өйткені БАӘ құрамасының сапында бес бірдей тегі Мубарак атты футболшы әлем чемпионатына барыпты.

Алғашқы ойында Колумбиядан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Сосын ГФР құрамасынан тіпті ойсырай ұтылды — 1:5. Соңғы турда да ірі есептен қашып құтыла алмады, Югославия бұларды 4:1 есебімен ұтты. Нәтижеде үш ойында бір ұпай да ала алмай елдеріне қайтты.

БАӘ құрамасының ойындары

Азия кубогы-1996. Финал

Құрама жайлы фактілер Алғашқы ойынын 1972 жылы Катарға қарсы өткізді - 1:0. Матч Сауд Арабиясында өтті. Құрама тарихында бірнеше шетелдік атақты бапкерлер команданы жаттықтырды: Карлос Альберто Парейра (Бразилия, 1985-88, 1990), Валерий Лобановский (КСРО, Украина, 1990-1993), Марио Загало (Бразилия, 1989-90), Анри Мишель (Франция, 2000-01).

Сілтемелер

Санат:БАӘ Ұлттық футбол құрамасы