Құспанкөл — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы, Шолақаңқаты ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жымпиты ауылынан солтүстік-батысқа қарай 71 км жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 513 адам (266 ер адам және 247 әйел адам) болса, 2009 жылы 365 адамды (192 ер адам және 173 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 237 адамды (124 ер адам және 113 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Сырым ауданы елді мекендері