Украина Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Украинаның намысын қорғайтын ұлттық құрама. УЕФА және ФИФА мүшесі. Бір рет әлем чемпионатына (2006), екі рет Еуропа чемпионатына (2012, 2016) қатысқан. Халықаралық турнирдегі ең жоғары көрсеткіші — ширек финал (ӘЧ-2006).
Тарихы 1991 жылы КСРО тараған соң Украина құрамасы құрылды. 1992 жылы 19 сәуір күні жаңа тарихындағы тұңғыш ойынын Ужгородта Мажарстанға қарсы өткізіп, 1:3 есебімен ұтылып қалды. 1993 жылы 19 мамыр күні Вильнюсте Литва құрамасын 3:1 есесімен ұтып, алғашқы бейресми жеңісіне қол жеткізді.
1992 жылы 3 шілде күні ФИФА және УЕФА мүшесі атанды. Бірақ көп жылдарға дейін Украина құрамасына Еуропа және әлем чемпионаттарының финалдық турниріне қатысу нәсіп болмады. ӘЧ-1998, ЕУРО-2000, ӘЧ-2002 іріктеулерінде шешуші плей-оффтарында сүрініп жолдамаға қолдары сәл ғана жетпей жатты.
2006 жылғы әлем біріншілігі ӘЧ-2006 іріктеуінде Украина өз тобында бірінші орын алып (олардың тобында Қазақстан да бар болатын), тұңғыш рет әлем чемпионатына барды. Әлем чемпионатында олар Испания, Сауд Арабиясы, Тунис құрамаларымен бір топқа түісп, алғашқы ойында 0:4 есебімен Испаниядан ұтылды. Бірақ екінші турда Сауд Арабиясын дәл соы есеппен тізе бүктіре алды. Осы ойында Андрей Шевченко әлем чемпионаттарындағы тұңғыш голын соқты.
Соңғы турда турда Туниспен ойында Шевченко пенальтиден бір гол соғып, Украина 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осылай алты ұпаймен екінші оырнға жайғасты да, 1/8 финалға шықты. 1/8 финалда Швейцариямен 120 минут айқасты, бірақ есеп ашылмады. Пенальтилер сериясында қызық болғанда, швейцариялықтар бір соққыны да енгізе алмады, украиналықтар 3:0 есебімен басым болды.
Ширек финалда болашақ чемпион — Италия бұларды қиналмай ұтты, 3:0. Осылайша Украина қазірге дейінгі алғашқы да соңғы әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетті.
Кейінгі жылдары Украина 2012 жылғы Еуропа біріншілігін Польшамен бірігіп өткізу құқына ие болды да, финалдық турнирге іріктеусіз қатысты. Олар ең қиын топқа түсті — Франция, Англия, Швеция құрамаламен ойнап, шведтерді ғана ұтты да (украиналықтар 2:1 есебімен ұтты, екі доты да Андрей Шевченко енгізді), қалған екі қарсыласынан ұтылды. Бірақ соңғы турда Марко Девичтің Англия қақпасына соққан таза голын төреші есептемей қойды.
2016 жылғы Еуропа чемпионатында топтық турнирден шыға алмады.
Әлем чемпионаттарында Финалдқ турнирлерІріктеуЖылНәтижеОрын Орын 1930-1990 1994қатыспадықатыспады 1998іріктеуден өте алмады2/612633119 20022/6124621513 20061/485212571/612741187 2010іріктеуден өте алмады2/612642217 20142/612732307 20183/610523139БарыҮздік көрсеткіш: 1/4Саны: 1/6521257603020109543
Еуропа чемпионаттарында Финалдық турнирлерІріктеуЖылНәтижеОрын Орын 1960-1992 1996іріктеуден өте алмады4/6104151115 20002/612561167 20043/582421110 20084/7125251816 2012Топтық13310224Турнир қожайыны ретінде қатыспады 2016Топтық243003053/612723175БарыСаны: 2/6610529542315167353
Бапкерлері Виктор Прокопенко, 3 наурыз 1992 - 16 қыркүйек 1992 Николай Павлов, Леонид Ткаченко (м.а.), 26 қыркүйек 1992 - 28 қыркүйек 1992 Олег Базильевич, 12 қараша 1992 - 21 қыркүйек 1994 Николай Павлов, Владимир Мунтян, 9 қыркүйек 1994 - 13 қыркүйек 1994 Иожеф Сабо, 23 қыркүйек 1994 - 13 қараша 1994 Анантолий Коньков, 5 қаңтар 1995 - 8 қараша 1995 Йожеф Сабо, 27 желтоқсан 1995 - 31 желтоқсан 1999 Валерий Лобановский, 2 наурыз 2000 - 15 қараша 2001 Леонид Буряк, 14 желтоқсан 2001 - 10 қыркүйек 2003 Олег Блохин, 18 қыркүйек 2003 - 6 желтоқсан 2007 Алексей Михайличенко, 11 қаңтар 2008 - 30 қараша 2009 Мирон Маркевич, 1 ақпан 2010 - 21 тамыз 2010 Юрий Калитвинцев, 25 тамыз - 21 сәуір 2011 Олег Блохин, 21 сәуір 2011 - 25 қыркүйек 2012 Андрей Баль, 6 қазан 2010 - 19 қазан 2010 Александр Заваров, 14 қазан 2010 - 14 қараша 2010 Михаил Фоменко, 26 желтоқсан - 23 маусым 2016 Андрей Шевченко, 15 шілде 2016 - қазірге дейін Дереккөздер
Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасы