+ <small> Қазақстан200px Жыл 2016-2017 Бапкері Талғат БайсуфиновАлександр Бородюк Матч саны2016: 7 (+2 =3 -2, 6-12) 2017: 7 (+0 =1 -6, 4-18) 2014-15 ← → 2018

2016 жылы бас бапкер Юрий Красножан қызметінен босады. Оның орнына Талғат Байсуфинов уақытша жаттықтырушылық қызметін атқарып, үш кездесу өткізді. 2016 жылы 24 маусымда Қазақстан Футбол Федерациясы Талғат Байсуфиновты бас бапкер етіп тағайындады. 2017 жылы ақпан айында Талғат та қызметінен босап, оның орнына Ресейден Александр Бородюк алдырылды.

Шолу Талғат Байсуфинов 2016 жылдың басында тізгінді ұстады. 24 маусымға дейін міндетін атқарды да, сосын ғана ресми бекітілді.

Байсуфиновтың есте қаларлық ойындары баршылық, сырт алаңдағы жолдастық ойындарда Әзірбайжан мен Қытай құрамаларын ұтты, ӘЧ -2018 іріктеуінің бірінші турында Польшадан 0:2 есебімен ұтылып тұрып Хижниченконың екі голынан соң жеңілістен құтылып кетті. Үшінші турда ЕУРО-2016 турниріне қатысқан Румыниямен 0:0 есебімен тең ойнады. Бірақ сырт алаңдағы екі ірі жеңіліс (Черногориядан 0:5, Даниядан 1:4) қызметтен кетуіне себепші болды.

Бородюктің кезінде құрама жеті кездесу өткізіп, алтауында жеңіліп қалды. ӘЧ-2018 іріктеуінің соңғы турында ғана "Астана Аренада" Армения құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнады да, топта соңғы орында қалды.

2016 жылы 11 қарашада Ғафуржан Сүйімбаевтың Данияға соққан голы ӘЧ-2018 іріктеуіндегі әдемі голдар қатарына қосылды.

Матчтар Матчтар тізімі Талғат Байсуфинов

№ 169. 26 наурыз, 2016. Әзербайжан-Қазақстан-0:1 № 170. 29 наурыз, 2016. Грузия-Қазақстан-1:1 № 171. 7 маусым, 2016. Қытай-Қазақстан-0:1 30 тамыз, 2016. Қырғызстан-Қазақстан-2:0 (ойыншы алмастыру лимитінен асып кеткендіктен, ресми саналмады). № 172. 4 қыркүйек, 2016. Қазақстан-Польша-2:2 № 173. 8 қазан, 2016. Черногория-Қазақстан-5:0 № 174. 11 қазан, 2016. Қазақстан-Румыния-0:0 № 175. 11 қараша, 2016. Дания-Қазақстан-4:1

Александр Бородюк

№ 176. 22 наурыз, 2017. Кипр-Қазақстан-3:1 № 177. 26 наурыз, 2017. Армения-Қазақстан-2:0 № 178. 10 маусым, 2017. Қазақстан-Дания-1:3 № 179. 1 қыркүйек, 2017. Қазақстан-Черногория-0:3 № 180. 4 қыркүйек, 2017. Польша-Қазақстан-3:0 № 181. 5 қазан, 2017. Румыния-Қазақстан-3:1 № 182. 8 қазан, 2017. Қазақстан-Армения-1:1 Жолдастық кездесулер

ӘЧ-2018 іріктеуі

Сергей Малый алаңнан қуылды (64)

Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы Санат:2016 жылғы футбол Санат:2017 жылғы футбол