1986 жылғы футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы — 29 маусымда Мехикодағы Ацтека стадионында өтті. Аргентина мен ГФР құрамалары кездесіп, Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жеттіhttp://www.shubhayan.com/jersey/1986-argentina_home.asp .

Матч

Шолу Матчты бразилиялық төреші Ромуальдо Арппи Фильо басқарды. Ойынның 21-минутында оң қапталдан Хорхе Бурручаганың асырған добын қорғаушы Хосе Браун баспен ұрып торға түсірді де, Аргентина 1:0 есебімен алға шықты.

Екінші таймның оныншы минутында Аргентина есепті еселеді. Марадона бастаған шабуылды Хорхе Вальдано сәтті аяқтады — 2:0. Екінші доптан соң аргентиналықтар шамалы босаңсыды. Аздан еркінсіген немістер енді өздерінің стандартты жағдайларды өте сәтті пайдалана алатынын дәлелдей бастады. 73-минутта Бреме бұрыштан доп берді. Нәтижесінде Руммениге жақын жерден теуіп қақпаны дәл көздеді. Арада сегіз минут өткен соң тағы да Бреме бұрыштан доп берді. Бұл жолғы комбинацияны Руди Феллер сәтті аяқтады. Оның баспен ұрған добы есепті теңестірді — 2:2.

Есеп теңескен соң енді немістер аздап қарқынын тоқтатты. Мұнысы оларға пайда әкелмеді. Марадонаның алаң ортасынан шығарған пасы Бурручаганы қақпашымен жеке шығарды, Бурручага мүмкіндікті жібермеді, алыс бұрышты дәл көздеді — 3:2. Осы есеп ойын біткенше өзгермеді.

Протокол

GK 18Нери Пумпидо SW 5 Хосе БраунCB 9 Хосе Луис КусиуффоCB 19Оскар РуджериRWB 14Рикардо ХиустиLWB 16Хулио Олартикоэчеа DM 2 Серхио БатистаCM 7Хорхе Бурручага CM 12Эктор ЭнрикеSS 10 Диего Марадона (к) CF 11Хорхе ВальданоАлмасулар:MF 21Марсело Троббиани Бапкер:Карлос Билардо GK 1 Харальд ШумахерSW 17Дитмар ЯкобсCB 4 Карл-Хайнц ФерстерCB 2 Ханс-Петер БригельRWB14Томас БертольдLWB3 Андреас БремеCM 6 Норберт ЭдерCM 8 Лотар МаттеусAM 10Феликс Магат CF 11Карл-Хайнц Румменигге (к)CF 19Клаус Аллофс Алмасулар:FW 9 Руди Фёллер FW 20Дитер Хенесс Бапкер:Франц Беккенбауэр

Басқа да деректер Арада төрт жыл өткен соң келесі чемпионаттың финалында да осы екі құрама кездесті. Немістер ол жолы есе қайыра алды — 1:0.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Футболдан 1986 жылғы әлем біріншілігі Санат:1986 жылғы маусым Санат:29 маусым оқиғалары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Мехикодағы халықаралық спорттық жарыстар Санат:Футболдан Мексикадағы халықаралық жарыстар Санат:1986 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары