1998 жылғы футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы. Матч 12 шілдеде Париждегі "Стад де Франс" стадионында өтті. Франция 3:0 есебімен Бразилияны ұтып, тарихта бірінші рет әлем чемпионы атанды.
Матч
Шолу Ойынның бірінші бөлімінде екі жақ тең деңгейде ойнады. Бразилиялық сұрмерген Роналдо финалға дейін денсаулығы онша болмаса да алаңға шыққан-ды, сол себептен де толық ашылып ойнай алмады. Оның үстіне оған Францияның мықты қорғаушылары мүмкіндік берген жоқ.
Бірінші таймда-ақ алаң иелерінің жетекші футболшысы Зинедин Зидан екі рет гол соғып, командасын алға шығарды. Екінші таймды бразилиялықтар шабуылмен өткізді, бірақ алаң иелері сыр бермеді. 68-минутта Марсель Десаий алаңнан қуылып, француздар 10 адаммен қалса да бразилиялықтар есепті қысқарта алмады. Соңғы минуттарда алаң иелері қарсы шабуыл ұйымдастырып, Эмманюэль Пети үшінші допты соқты. Нәтижесінде Франция құрамасы 3:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
Протокол
1 Клаудио Таффарел 2 Кафу 3 Алдаир 4 Жуниор Байано 6 Роберто Карлос 5 Сезар Сампайо 8 Дунга (к) 10Ривалдо 18Леонардо 20Бебето 9 РоналдоАлмастырулар: 19Денилсон 21Эдмундо Бапкер: Марио Загалло 16Фабьен Бартез 15Лилиан Тюрам 8 18Франк Лебёф 3 Биксант Лизаразю 7 Дидье Дешам (к) 17Эммануэль Пети 19Кристиан Карамбё 10Зинедин Зидан 6 Юри Джоркаефф 9 Стефан Гиварш Алмастырулар: 14Ален Богоссян 21Кристоф Дюгарри 4 Патрик Виейра Бапкер: Эме Жаке
Фактілер Бразилия құрамасы Әлем чемпионаттары тарихында тұңғыш рет ірі жеңіліске ұшырады.
ХХ ғасырдағы әлем чемпионаттарының алғашқы голын да, соңғы голын да Франция құрамасы өкілдері соқты, 1930 жылы Люсьен Лоран, 1998 жылы Эммануэль Пети енгізді. ХХІ ғасырдағы алғашқы допты француздар соғуы мүмкін еді. Біpақ 2002 жылғы әлем чемпиoнатының беташар матчында олар күтпеген жерде Сенегалдан ұтылып қалды — 0:1 Дереккөздер
Сілтемелер Матчты тамашалау
Санат:Футболдан 1998 жылғы әлем біріншілігі Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:1998 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары