Адамға ілтипат — 1984 жылы Алматы қаласында түсірілген қазақ тіліндегі фильм. Сценариін жазған — О. Қарағұлов. Қоюшы режиссері — Л. Сон. "Қазақфильм" студиясының туындысы.

Мазмұны Бас кейіпкер — Адам (есімі солай) қыстыгүні "Шымбұлақ" спорткомплексіне демалысқа жолдама алып, шаңғы тебуді үйрене бастайды. Ол жерде бейресми суретші әрі дәрігер Шукинмен, шаңғы тебуден спорт шебері Нинамен және кішкентай қыз Айгеріммен танысады. Қанша опық жесе де, алданса да жақсылық жасаудан танбайтын Адам соңында кіштентай Айгерімді, оның әкесін достарымен қоса қауіптен құтқарып қалады. Солайша демалыс орнындағыларға өзінің тазалығымен, адамгершілігімен, өзгелерді талғап-таңдамай ілтипат жасай беретін жақсы қасиетімен танылады.

Рөлдерде Димаш Ақымов — Адам Л. Стоянова — Нина Б. Александров — Шукин Сәбира Майқанова — Адамның анасы Мейірман Нұрекеев — Завхозбек Әлихан — Қ. Мұтырғанов

Сыртқы сілтемелер Фильмді тамашалау

Санат:Қазақфильм фильмдері Санат:КСРО драма фильмдері