Ащысай — Ақтөбе облысы Темір ауданы, Ақсай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Бұрынғы «Дружба» кеңшары бөлімшесі. Бірнеше аудан аралық көтерме жолдары бар. Бөлімшеде мектеп, интернат, аурухана, бала бақша болған. Жаңа экономикалық реформаларға байланысты әртүрлі ауыл шаруашылық құрылымдары пайда болды.
Географиялық орны Бадамша өзені бойында, аудан орталығы - Шұбарқұдық кентінен солтүстікке қарай 56 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 360 адам (189 ер адам және 171 әйел адам) болса, 2009 жылы 252 адамды (126 ер адам және 126 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 78 адамды (46 ер адам және 32 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Темір ауданы елді мекендері