«Жұлдызды түн» () — голланд суретшісі Винсент Ван ГогтыңVan Gogh - Enrica Crispino - Google Книги суреті. 1889 жылдың маусым айында салынған. Суретте таң атар алдындағы мезгілдегі қала көрінісі бейнеленген. Суретші бейнелеуде өзінің Сен-Реми-де-Прованс қаласындағы үйінің шығыс әйнегінен қала көрінісін қарап салған. Сурет 1941 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Нью-Йорк қаласында Заманауи өнер мұражайында сақталуда. right|thumb|Жұлдызды түн
Салыну тарихы «Жұлдызды түн» Ван Гогтың түнгі аспанды алғаш бейнелеуі емес. Оның алдында суретші 1888 жылы ақпанда Арль қаласына көшіп, сол қалада «Рона үстіндегі жұлдызды түн» суретін салған еді..Pickvance, с. 103 Ван Гог түнде аспаннан ерекше қиял ғажайып жұлдызды түнді көрсеткісі келген. Хаттардың біреуінде ол болашақ суреттің көрінісін сипаттаған – кипаристер мен жұлдызды түн, мүмкін піскен бидай алқабының үстінде.Naifeh, Smith, с. 747 Өз ойын тек Сен-Ремиде жүзеге асырды. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша бұл кезеңде суретші қатты күйзелістерге ұшырап, осы тектес біраз суретін борау пішінді оюлармен, сызықтармен салған.
Дереккөздер
Санат:Суреттер Санат:Ван Гог жұмыстары Санат:Жұлдызды түн